"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Фермер атаның жануарлары» сюжеттік ойыны, тәрбиеші Джунуспекова Г.Р.

12.01.2023

Іс-әрекеттер: Сөйлеуді дамыту, қоршаған орта, жапсыру.                                                                             

«Фермер атаның жануарлары»                                                   

Мақсаты:  Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.  Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, құлын, бұзау)таныстыру, оларды ажырату және атау. Қағаз қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру, жырту  тәсілдерін үйрету. Жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу,ойлау, есте сақтау, сөздік қиялдау қабілеттерін дамыту.

Достық қарым-қатынастыққа, ықылас сезіміне тәрбиелеу.

Құралдар: АҚТ, үй жануарлардың муляждары үлкен, кіші; үлестірмелі материалдар, резеңке груша әр балаға; жасыл түсті жолақтар, құдық, қоршаулар- кіші, үлкен.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру, тәжірибе, көрнекілік.

Әрекеттердің кезеңдері

                 Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық,

қызықтыру-шылық

 

Шаттық шеңбер:

Қайырлы күн Алтын күн!

Қайырлы күн Жер ана!

Қайырлы күн достарым,

Көңілді күн бүгін!

 

Балалар шеңберге тұрып, кимылмен көрсетеді.

Ұйымдасты-рушылық - ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Бүгін біз фермер атаның фермасына ауылға барамыз.

Фермер ата балаларды қарсы алады.

Тәрбиеші:

-Ата, сәлеметсіз бе! Қалыңыз қалай?

Ата: -Сәлеметсіндер ме! Менің фермама қош келдіңдер! Менің фермамда көп үй жануарлары бар.

-Бұл ненің дыбысы? (аудио таспадан сиырдың дауысы шығады).

Дұрыс айтасындар, бұл сиырдың дауысы.

Ненің дыбысы естіледі? (аудио таспадан жылқының дауысы шығады).

-Жарайсыңдар! (қойдын дыбысы естіледі), бұл ненің дыбысы? Дұрыс айтасындар, қойдың.

Жарайсыңдар!

Ол сиыр, қой, жылқы. Әр жануардың өз төлі де бар.

Сиырдың төлі- бұзау, қойдың төлі- қозы, жылқының төлі- құлын.

Жарайсындар!

Тәрбиеші: Балалар, өз білімдерімізді атаға көрсетейік, берілген карточкадан жануарлардың төлдерін әр анасының қасына орналастырайық.

Ата: - Кәнеки маған сиырдың, қойдың, жылқының төлдерін тауып беруге дайынсыңдар ма?

Д/ойын: «Өз төлін тап»

Ата:-Балалар, менің үй жануарларымды екі қораға бөлу керек, өйткені  кішкентай төлдерді үлкен малдар басып кетуі мүмкін сондықтан оларды үлкен және кіші қораларға бөлеміз.

Ойын: «Кім қайда тұрады?»

Тәрбиеші: Жарайсындар!  Ата, сізде қызықты ойын бар ма? Біздің балаларымыз ойнайтын. Ата:-Ұлттық ойын ойнауға дайынсыңдар ма? Бұл ойын асықпен. Сендердің шапшандықтарынды тексеріп көрейік.

Ойын: «Ханталапай»

Тәрбиеші: Балалар, біз фермер атаның жануарларына шөп берейік.

Ал шөпті біз жасыл түсті қағаздан жырту тәсілімен дайындаймыз.

(Түсініктеме беру, көрсету).

Керемет, ал енді осы жасаған шөпті жануарлардың қасына апарып қояйық. Жарайсыңдар!

Суды да құдықтан алып берейік.

Тәжірибе: Балаларға суды құдықтан  резеңке грушамен пластмас ыдысқа құюды ұсыну.

Фермер ата: Жарайсыңдар! Қандай көп жұмыс жасадыңдар. Жануарларды өз орындарына қайдыңдар, су, шөп бердіңдер. Қандай керемет, балалар ақылды, білімді, қамқор, еңбекқор.

Тәрбиеші: Балалар, бақшаға оралатын уақыт болды.

Слайд: «Қарт МакДональд!»

Балалар слайдты қарап тамашалайды.

 

 

 

 

 

Атамен амандасады.

 

 

 

Сиыр: му-му-му

Жылқы: Пыр-пыр-чу

Қой: мә-мә-мә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

үлестірмелі материал арқылы төлдерін өз анасының қасына орналастырады.

 

 

Қызығушылық пен ойнайды.

 

 

Жырту тәсілімен шөптер дайындап, апарып береді.

 

 

Барлық балалар қатысады, резеңке грушамен суды ыдысқа кұяды.

Жануарлар

ды атайды, дыбыстарын қайталайды.

Рефлексивтік- түзету.

  • Балалар кімнің ауылына саяхатқа бардық?
  • Фермер атада қандай жануарлар бар екен?
  • Ненің  дыбысын естідік?

Балалардың жауаптары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.01.2023 11:11
Құрылған күні: 12.01.2023 11:14

Текст