"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Фитбол добымен жасалатын гимнастика мен ойындар, д/ш нұсқаушысы Тасбулатова Қ.Қ.

19.01.2022

Фитбол гимнастика № 1

«Доппен кездесеміз»

Арқамен жату, фитболды бастан асыра ұстау. Бір уақытта аяқты қолдағы допты көтеру, аяқ ұшын фитболға көтеру 3 – 5 рет.

«Серпілу»

Допта отырып, құлағынан мықтап ұстап, ат үстіндегі шабуды имиттациялау, серпіле секіру 20 – 40 рет.

«Бауырсақты ұстаймыз»

Тік тұрып, қолды созып фитболды ұстау. Допты жоғары лақтырып, қағып алу 5 – 10 рет.

«Демаламыз»

Тізерлеп тұру, допты құшақтап ұстап, допты басқа қою, кеудені допқа тигізу. Доп үстінде алға, артқа теңселу. алақанды еденге тіреп, аяқты тік ұстау.

 

Кіші топқа арналған

фитбол добымен ойындар.

 

№ 1 «Допты қуып жет»

Тізерлеп отырып, тұрып допты алға домалатады (1,2,3) дегенде допты қуып жетеді.

№ 2 «Нысанаға лақтыр»

Допты көлбеу бағытқа домалатады, лақтырады «Допты домалат» допты мәреге дейін қолымен, аяғымен домалаты.

№ 3 «Моншақтар»

Шеңбер бойымен допта отырады «шашылады» деп белгі бергенде жан – жаққа шашырап кетеді «моншақтар» дегенде шеңберге жиналады.

№ 4 «Жемістерді жинаймыз» 

Барлық ойыншылар фитбол үстінде отырады «бағбан» балаларды ұстайды «жемістерді» жинайды. Ұсталған балалар орындыққа отырады.

№ 5 «Қасқыр мен қояндар»

Доптар залда шашырап жатады. Балалар «қояндар» секіріп жүреді. Жасыл шөпте жайылып қояндар жүр, құлағымызды түрейік, жақын маңда қасқыр жоқ па? «қасқыр» дегенде барлық қояндар доп артына тығылады.

№ 6 «Өз үйіңді тап»

Екі команда ойынға қатысады: біреуі допта отырады, екіншісі артында тұрады. Белгі бергенде, допта отырғандар, көздерін жұмып 6 – 8 қадам алға басып 3 рет өзін айналады. Тұрған балалар осы кезде допты қолдан – қолға беріп ауыстырады. «Тоқта» деп белгі соғылғанда бірінші топтың балалары көздерін ашып, өз добын табуға тырысады. Келесі айналымда балалар ауысады.

№ 7 «Мұздағы пингвиндер»

«Пингвин» балалар залды айнала жүгіреді, «мұзды» доптар залда шашаырап жатады. Жүргізуші «аңшы» пингвиндерді ұстайды, егер пингвин аяғын жерге тигізбей доп үстіне мініп алса «аңшы» оған тиіспейді.

№ 8 «Шапшаң жұлдызқұрт»

Екі команда қатысады. Әр команда «жұлдызқұрт» бір – бірімен доп үстінде отырып, тізбектеле қосылады. Мәреге дейін кім бірінші жетеді дегенде, тізбектеле секіреді. Тізбекті үзбей келген команда жеңіске жетеді.

№ 9 «Үйсіз қалған қоян»

Залда доптар біреуі кем шашырап жатады. Бала «қояндар» залды айнала секіріп жүреді. «Үйге кіріңдер» дегенде кез келген доп үстіне отыра қалады, допсы қалған бала, «үйсіз қоян» атанады, ойыннан шығады, бір доп кеміп отырады.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 19.01.2022 17:30
Құрылған күні: 19.01.2022 17:30

Текст