"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңа жылды Аққаламен қарсы алайық» ертеңгілік, "Сұңқар" ортаңғы тобы, тәрбиешілер Иманова Б.Н., Жанадилова А.М.

30.12.2021

Тақырыбы: «Жаңа жылды Аққаламен қарсы алайық»

Әсем безендірілген залға балалар көңілді әуен ырғағымен  кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, балабақша ұжымы!     Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен  құттықтаймыз!  Жаңа жылда жаңа табысқа, бақытқа және  бәріңіздерге  зор денсаулық  тілейміз!                                    «Сұңқар» ортаңғы  тобының жаңа  жылдық  ертеңғілігімізді  бастауға рұқсат етіңіздер!

Балалар,  қарандаршы , айнала неткен керемет, жан жағымыз жарқырап, әсем-сұлу шыршамыз тұр екен, біз қайда тап болдық? Дұрыс ғажайып орманға тап болдық. Шыршамыз қандай әдемі, керемет, ойыншықтары да көп екен, бірақ шыршамыз көңілсіз болып тұрған  сияқты, ал енді мына шыршанын шамын қалай жағамыз?                                                                 Қане осы шыршаны айналып көрейік. Қарандаршы балалар бұл кім екен? Шырша астында көңілсіз аққала отырады.  Не болғаның  сұрайық, неге көңілсіз екен. Сәлем аққала не болды саған ? Әдемі орманда ,әдемі шырша астында  неге көңілсіз отырсын?                                                                                             Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар, менің көңіл-күйім жоқ, мерекеге қатысқым келмейді, себебі мені құттықтауға ешкім келмейді, достарымда мені ұмытып кеткен сияқты.

Жүргізуші: Балалар аққаланың көңіл-күйін көтерейік ,міне біз келдік саған,мерекені  бізбен бірге тойлайық, сенің жаңа достарын боламыз. Солай ма балалар?

Балалар: Иә, дос болайық.

Аққала:Шын айтасындар ма, балалар?  Сендермен бірге мереке тойласам болады ма?

Балалар: Иә.

Жүргізуші: Әрине аққала біздің балалармен бірге би билеп,ән салып,жаңа жылды қарсы ал.

Аққала: Жарайды , рақмет сендерге, балалар.

Жүргізуші: Олай болса  әдемі шыршамыздың шамын жағып, ән айтайық.

Аққала: Балалар, мен сиқырлы сөздерді білемін, мен айтамын ,ал сендер қайталандар,жарайды ма? Кәне,сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Балалар: Қуант бізді, таңырқат,  шамдарыңды  жарқырат!                                          (Шыршаның шамдары жанады.)

Жүргізуші:  Жарайсындар балалар , керемет,ал енді аққала сіз біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Кішкентай шырша»

Жүргізуші: Жарайсындар балаларым,  аққала  қалай  көңіл-күйің  көтеріліп қалды ма?

Аққала: Иә, рақмет сендерге ,бірақ достарыммен  қызықты ойындар ойнаушы едім.

Жүргізуші: Сен мұнайма, бізде де қызықты ойындарымыз бар,солай ма балалар?

Ойын: «Кім шапшан?» қаршықтарды жинау.

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп тұрады, ал мен қаршықтарды ортаға шашып жіберем,қай топ көп жинайды, сол жеңімпаз болады.

Жүргізуші: Жарайсындар балалар, аққаламен қызықты ойында ойнадық, саған ұнады ма?  Сенің көңіл-күйінді көтеру үшін  біз бар өнерімізді көрсетеміз. Ал енді біздің балаларымыздың осы жаңа жыл мерекесіне арнаған өлең шумақтарын қабыл ал.

Тақпақтар: Адина,Ерназар,Ерсұлтан,Айсезім.

Аққала: Жақсы, ақылды балалар екенсіңдер!

 Жүргізуші: Қарандаршы, бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.

(Музыка әуенімен ортаға  сайқымазақ келеді)

Сайықмазақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Барлықтарың жиналып қалыпсыңдар, қандай әдемісіңдер, не себеппен жиналдыңдар?  Мұнда қандай мереке болып жатыр?

Жүргізуші: Қош келдің, сайықмазақ! Біз Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. Бірақ  ортамызда  аққаламыздың көңіл –күйі болмай тұр,соған біздің балалар бар өнерін салып тойлап жатыр.

Сайықмазақ: Сәлем аққала, қане осындай мерекеде көңіл-күйсіз болуға болады ма екен? Қане мен бір өзімнің сиқырымды сендерге көрсетейін.

«Сиқыр көсетеді» (лентамен)

Сайқымазақ: Сендер менің бар өнерімді білмейсіңдер, менімен  бір ойын  ойнайсындар ма?
Ойын: «Мені қуып жет»

 Шарты: Балалар екі топқа бөлініп,  мен қолымдағы шармен  қашамын ,ал сендер мені қуып жетіп шарды жару керек. 

Сайықмазақ: Жарайсындар балалар сендер өте шапшан екенсіңдер.

Жүргізуші: Аққала, сайықмазақ  енді біздің балалар  сізге,  жаңа жыл мерекесіне арнаған бір  би билеп берейін деп тұр.

Би: «Сүйкімді гномдар»

Сайықмазақ: Өте керемет, маған ұнады сендердің билерін,  ал мен енді өз достарыма барайын,олар мені күтіп қалған шығар.Сау болындар, балалар.                
Жүргізуші:Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы) Аяз ата . дұрыс айтасындар.

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ау - у - у - у! 3 - рет

Аяз ата: 

Амансыңба, ұлдарым
Есенсізбе бе қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аяз Атамын мен сендерге

Кележатқан алыстан.

 

Жүргізуші: : Қош келдіңіздер, аяз ата, жол жүріп келдіңіз отырып дем алыңыз. Біздің балаларымыздың өнерін тамашаланыз, балаларымыздың сізге арнап жаттаған өлең шумақтары  бар еді ,соны қабыл алыңыз                                                                                       

Тақпақтар: Амина,Дильназ,Аружан.                                                                                                                                  

Жүргізуші: Жарайсындар балалар,ал енді Аяз ата ,аққала сіздерге арнап   біздің балалар оркестр ойнайды.

Оркестр: Айтөре,Айзере,Ерназар,Темірхан,Айсезім,Адина.

Аяз ата: Жарайсындар, керемет өздерін  өнерлі  балалар екенсіңдер.

Жүргізуші: Аяз ата, аққала  біздің мың бұратылған  ақшақар қыздарымыздың биін қабыл алыңыз

Би: «Ақшақарлар биі»

Аққала: Рахмет, сендерге қарап, менің көңілім көтеріліп қалды ,билерін де тамаша.

Жүргізуші: Келесі кезекті әнге берейік, тамашалап көріңіздер

Ән: «Сұлу қыс»

Аққала: Аяз ата! Аяз ата! Осы мен шыршанын  астында  отырғанда  бір қапшық көріп едім, сол сіздікі емес пе?

Аяз ата: Ой бұй мен қартайып қалғаным ғой,ұмытып қалыппым ғой, менің Жаңа жылдық сыйлығымыз бар еді ,біз келген қонақтарды бос жібермейміз. Жақсы болды сенің көргенің, сыйлықтарын берейік!

Аққала:  Иә,  Аяз ата, сізді  балаларымыз асыға күттіп жүрді, бар өнерін көрсетіп жатыр, енді осы  балаларымызға сыйлықтарын берсек  берейік.

Балалар: Рахмет Аяз ата!!!

Аққала: Аяз ата маған сыйлық жоқ па? (Мұнайып тұрып қалады.)

Аяз ата: Кешір аққала. Әрине саған да бар сыйлығым, алағой.

Аққала : Рақмет сізге Аяз ата. Менің де көңілім көтеріліп, жаңа жылда жаңа достарымды таптым, менің достарым көп!

 Аяз ата: Балалар, сендерге көп рахмет. Жарайсындар, балапандарым, өте өнерлі екенсіңдер! Кележатқан жаңа жылдарыныз құтты болсын! Жаңа жылда жаңа табысқа жете беріңдер! Сау болыңдар балалар!

Жүргізуші: Осы мен біздің жаңа жылдық мерекеміз аяқталды,  қош сау болыныздар! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.12.2021 15:38
Құрылған күні: 30.12.2021 15:38

Текст