Кейіпкерлер: Аяз ата, қарақшы
Барысы:
Балалар музыка әуенімен залға кіріп шыршаның алдынан жарты шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар мен балалар! Баршаңызға Жаңа жыл құтты болсын!
Бастаушы: Құтты болсын Жаңа жыл барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп
Бар әлемге бақытпен жар салайық.
Балалар музыка әуенімен залды айналып, орындықтарға отырады
Бастаушы: Аяз ата келе жатыр еді. Бірдеңе болып қалды ма? Кешігіп жатыр.
1. Аяз ата келгенше біз дайындаған өлең шумақтарымызды айтайық:
Ерке:
М.Медина
Расул
Гүлім
Аякөз
Бастаушы: Балалар, естіп тұрсыңдар ма? Біреу келе жатыр. Мүмкін бұл Аяз ата шығар? Қарақшылардың атысқан дауысы естіледі (Пистолет дауысы)
Бастаушы: Балалар, бұл ненің дауысы? Бізге кім келе жатыр?
Муз.залына қолында пистолеты бар қарақшы кіреді. (музыка)
Қарақшы: Ха-ха-ха, мені күтпедіңдер ме? Сендер неге мені мерекеге шақырмайсыңдар, а? Маған неге звондап айтпайсыңдар? Қандай жыл келе жатыр?
Балалар: Барыс жылы
Қарақшы: Бұл қандай әділетсіздік, а? Мен сонша жыл өмір сүрдім, кем дегенде бір рет Қарақшының жылы болды ма? Болған жооқ. Балалар, сендер Қарақшының жылы болғанын қалайсыңдар ма?
Балалар: Жооқ.
Қарақшы: Олай болса, мен сендердің мерекелеріңді тойлатқызбаймын. Сендерге қандай жамандық жасасам екен? (ойланады). Ооо, таптым, таптым! Мен мына тұрған шыршаның шамдарын сөндіріп тастаймын. Болды, бітті, үйлеріңе барыңдар. Ешқандай да Жаңа жыл мерекесі болмайды (шыршаның шамдарын сөндіріп, қашып кетеді).
Бастаушы: Балалар, енді не істесек екен? Бізге тезірек Аяз атаны шақыру керек, ол кісі бізге көмектесуі керек. Қане, бәріміз Аяз атаны шақырайықшы.
Балалар: Аяз ата!Аяз ата! Аяз ата!
Бастаушы: Балалар, Аяз атаға арнап тақпақтарымызды айтайық. Мүмкін сонда келетін шығар?
2.Тақпақтар: Ә.Айару, Айсұлтан, С.Кәусар, Айдын, Ильяс
Ал енді кезекті әнге берейік.
3.Ән «Ақ таяғын таянып»
Бастаушы: Балалар, бізге қонақ келе жатқан сияқты.
Музыка әуенімен Аяз ата болып киінген Қарақшы келеді.
Бастаушы: Сәлеметсіз бе, Аяз ата. Қош келдіңіз! Қалыңыз қалай?
Қарақшы: Сәлем бердік, Қызым, ха-ха-ха! (ішін ұстап күледі) Сендер алдандыңдар, мен не, Аяз атаға ұқсаймын ба? Мен сендердің Аяз аталарыңды қамап кеттім. Сыйлықтарын өзіме алдым. Кетіңдер үйлеріңе (балаларды қорқытады)
Бастаушы: Қарақшы мырза, Сізге не болды? Сіз өте жақсы адам едіңіз ғой? Мына жерде сіздің кішкентай інілеріңіз отыр. Одан да сол інілеріңіздің биін тамашалаңыз. Солармен бірге көңіл көтеріп билеп алыңыз.
Қарақшы: Ал қане, көрейік.
4.«Қарақшылар» биі (ұлдар)
Қарақшы:Ой, қандай керемет! Тіпті көңіл-күйім көтеріліп қалды ғой. Сендер Жаңа жыл мерекесіне жақсы дайындалған екенсіңдер. Қазір мен сендерге сыйлықтарымды берейін (Аяз атаның қапшығынан сынған ойыншықтарды алып шығады). Ооой, балалар, кешіріңдер, мен сендердің сыйлықтарыңды Аяз атамен бірге тығып қойған едім. Қазір барып, Аяз атаны осы жерге жіберейін (шығып кетеді)
Бастаушы: Ал біз ары қарай кезекті тақпақтарға берейік.
5.Тақпақтар: Қ.Кәусар, Нұрали, Айым, Ислам, Т.Айару
Бастаушы: Балалар, Аяз Ата келе жатыр. Кәне, дауыстап шақырайықшы. Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата!
(Аяз Ата келеді)
Аяз Ата: Амансыңдар ма, балапандарым! Аталарың да алыстан шаршап келді-ау, әйтеуір. Жаңа жылдарың құтты болсын! Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін. Бастаушы: Аяз Ата, жоғары шығыңыз. Балалардың сіздерге арнаған ән-жырларын тыңдаңыз. Отырып демалыңыз.
6.Ән «Таяғы бар қолында»
Аяз ата: Балалар, сендерге не болған? Көңіл-күйлерің жоқ сияқты ғой?
Бастаушы: Аяз ата, Жаңа жылдың басты белгісі-шырша екенін жақсы білесіз ғой. Ал біздің шыршаның шамдары жанбай тұр. Енді не істесек болады?
Аяз ата: Шыршаның шамдарын қайта жарқырату үшін сиқырлы сөздер айту керек. Менімен бірге қайталаңдар «Қуан, шаттан, таңырқат, Шамдарыңды жарқырат» (шырша шамдары жанады)
Бастаушы: Аяз Ата, мүмкін енді балалармен бір ойын ойнарсыз.
Аяз Ата: Әрине, қызым. Мен балаларға өте қызықты ойын алып келдім. 7.Ойын: «Қағаздан жасалған қарлар» (барлық балалар шығады)
Шарты: балалар екі командаға бөлінеді, олардан алыстау жерде себет тұрады. Әр ойыншыға ақ қағаз беріледі. Балалар сол қағаздан қар кесегін жасап, тұрған корзинаға дәлдеп тигізу керек.
Бастаушы: Ойын өте қызықты екен. Аяз Ата, балалардың жаңа жыл мерекесіне арнап жаттаған тақпақтарын тыңдаңыз.
8.Тақпақтар: Зейнеп, А.Медина, Аида, Батырхан, Самина, Айханым
Бастаушы: Ой, Аяз ата, мына жер өте ыстық. Сіз еріп бара жатқан сияқтысыз ғой.
Аяз ата: Балалар, рас, мен еріп бара жатырмын. Маған тез арада суық керек.
Бастаушы: қыздар, сендердің көмектерің керек. Ортаға келіп Аяз атаға «Қысқы вальс» биін билеп берейік.
9.Би «Қысқы вальс»
Аяз ата: Уф, кішкентай ханшайымдар, рахмет сендерге. Енді мен ерімейтін боламын. Сендермен тағы бір ойын ойнауға дайынмын.
10.Ойын «Кім шапшаң?»
Шарты: Аяз ата жерге ұзын арқан тастайды, арқанның дәл ортасында қар ұшқыны (снежок) бар. Белгі бойынша Аяз ата мен бала арқанның үстімен аяқтың ұшымен жүріп, ортадағы қар ұшқынына бірінші жетуі керек. Арқаннан шығып кетуге болмайды.
(ойын аяқталғанда жарық өшіп қалады, Аяз атаның таяғы жоғалады)
Аяз ата: Ой, балалар, менің таяғым қайда кеткен? Енді не істеймін? Таяғымды қайдан табамын?
Бастаушы: Аяз ата, қазір біздің кішкентай ханшайымдар сізге көмектессін. «Жұлдыздар» биін билеп, бізге жарық берсін. Мүмкін сонда таяғыңыз табылар.
11.«Жұлдызшалар» биі
Бастаушы: Аяз Ата, балалар ән де, тақпақ та айтып, би бе биледі. Сіздің балаларға арнаған сыйлықтарыңыз бар ма?
Аяз Ата: Әрине, қызым, бар ғой. Сыйлықтарды менің алдымда Қарақшы алып кетіп еді. Сол бір жерге тығып кеткен ғой. Жарайды, қазір тауып алармыз.
Қызым-ау, мен шөлдеп тұрмын. Салқын суды қайдан алуға болады?
Ақшақар: Аяз Ата, қараңызшы. Мына жерде құдық бар екен. Мүмкін құдықтан су ішерсіз. Құдықтың суы салқын, шөліңіз қанады.
Аяз Ата: Жарайды, онда құдықтан су ішейін. (құдықтан су алып жатқанда, шелекпен алтын балық шығады)
Аяз Ата: Мында, қараңдар! Алтын балық шықты ғой. Мына балықты кемпіріме үйге апарып берейін, қуырып жесін (сиқырлы музыка)
Алтын балық: Жоқ, жоқ, Аяз Ата. Мені жіберіңіз, мен сіздің тілегіңізді орындаймын.
Аяз Ата: Жарайды, онда. Бүгін Жаңа жыл ғой. Мен сені жіберемін, бірақ сен маған сыйлықтарды тауып бересің. Келістік пе?
Алтын балық: Жарайды ,Ата. Осы құдықтың жанында қарақшы жүргенін көріп едім. Сыйлықты құдықтың түбінен іздеп көрейін. (Ата балықты жібереді, балықтың дауысы естіледі)
Балық: Аяз Ата, сыйлықтар құдықтың түбінде. Міне, алыңыз.
(Аяз Ата құдықтың ішінен сыйлықты тартып, алып шығады, балаларға таратады.