"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жүзу" вариативтік компоненті. Тақырыбы: «Лунтик және оның достары», жүзу нұсқаушысы Сыздыкова Л.А. мад тобы.

18.02.2025

Тақырыбы: «Лунтик және оның достары»

Мақсаты: Балалардың ағзасын ойын әрекеті арқылы сауықтыруға, шынықтыруға жағдай жасау.

Міндеттері:

  • балалармен  бірлесіп орындалған ойын сауыққа көтерінкі көңіл күй сезімін ояту;
  • суға бетті батырып, шыққанда қолымен сүртпеуге үйрету;
  • 1-10 ға дейін сан қатарын, геометриалық пішіндерді сан мен үйлестіре білуін бекіту;
  • батылдық, тез шешім қабылдауға, өзінің күшіне сенуге тәрбиелеу;
  • ағзаны қолайсыз экологиялық факторға қарсы тұруға шынықтыру;

Өтетін орын: әуіт залы

Құралдар: экран, ноутбук, моншақ (кішкентай шарлар), 1-10 дейін сандар, бақалар(киндер жұмыртқалар), ойыншық тасбақалар, геометриалық пішіндер, сызбамен көрсетілген пішіндер.

Ойын-  сауық барысы.

Балалар әуіт залына кіреді, нұсқаушы қарсы алады, экранға назар аудартады.

Нұсқаушы: Балалар, қараңдаршы бізге кім келді?(Лунтик) Лунтиктің көңіл күйіне назар аударайықшы,  көңіл күйі қандай? (Лунтик көңілсіз). Не болды екен, сұрап көрейік.

Лунтик: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Миланың туған күніне сыйлық – әдемі моншақ әкеле жатыр едім, сүрініп кеттім,  моншақ үзіліп , суға шашылып түсіп кетті. Енді Миланың туған күніне сыйлықсыз қалай барамын?

Нұсқаушы: Балалар, Лунтикке көмектесіп көрейік. Қалай көмектесеміз?( балалардың жауабын тыңдау). Экранға Сүлік шығады.

Сүлік: Мен моншақтардың су түбіне батып кеткенін көрдім. Бірақ су түбінде қазыр олар жоқ, мүмкін су асты жәндіктері алып кеткен шығар, олар сондай әдемі.

Нұсқаушы: Балалар, су түбінде нелер мекендейді? Есімізге түсірейік.(балалар суреттен «Лунтик» ертегісінен су тұрғындарын таңдайды).

Нұсқаушы: Қызық екен, кімді бірінші кездестіреміз?Экранда бірінші су асты тұрғыны Шаян- Чикибряк шығады.

Балалар, бұл су асты тұрғынын таныдыңдар ма? Сәлеметсің бе, Шаян- Чикибряк, біз балалар мен жоғалған моншақты іздеп жүрміз, Лунтик оны сыйлыққа Милаға әкеле жатыр еді. Моншақтар үзіліп, суға шашылып түсіп кетіпті. Сіз оны көрмедіңіз бе?

Шаян- Чикибряк: Иә, мен әдемі моншақтарды тауып алдым, олармен үйімді безендіріп қойдым. Маған көмек берсеңдер, қайтарамын. Өзенді қоқыс басып кетті, мұнда өмір сүру мүмкін емес. Егер сендер қоқыстан тазалап берсеңдер, сендерге риза болар едім.

Балалар «қоқыстарды» жинайды (геометриалық пішіндерді) сызба салынған себеттерге жинақтайды. Шаян моншақтарды қайтарады.

Нұсқаушы: Жарайсыңдар, балалар, моншақтарды тауып алдық! Әрі қарай жүреміз. Келесі тұрғын- Тасбақа Мотя.

Нұсқаушы: Сәлеместіз бе, Тасбақа Мотя, біз балалармен жоғалған моншақтарды іздеп жүрміз, Лунтик Милаға сыйлыққа әкеле жатқан моншақтар үзіліп суға түсіп кетіпті. Сіз көрген жоқсыз ба?

Тасбақа Мотя: Көрдім, олар сондай әдемі екен, бір – екеуін өзіме алдым.

Нұсқаушы: Тасбақа Мотя, безге қайтарып беріңізші.

Тасбақа Мотя: Қайтарамын, бірақ маған сеңдердің көмектерін қажет. Менің кішкентай тасбақаларыма  өзеннің арғы жағына өтуге көмектесіңдер. Балалар ойыншық тасбақаларды алып, кедергілерден өтіп әуіттің келесі жағына жеткізеді.

Келесі кездескен өзен тұрғыны – Шортан балық.

Нұсқаушы: Сәлеметсіз бе, Шортан балық, біз балалармен жоғалған моншақтарды іздеп жүрміз. Лунтик Милаға сыйлыққа әкеле жатқан моншақтар үзіліп суға түсіп кетіпті. Сіз көрген жоқсыз ба?

Шортан балық: Көрдім, жинап алып белгілі бір жерге тығып қойдым. Алдағы уақытта маған керек болар деп.

Нұсқаушы: Бізге оларды қайтарасыз ба?

Шортан балық: Сендерге керек боп тұрса қайтарайын. Шабақ балықтар жүзіп жүріп гүлдерімнің барлығын ауыстырып жіберіпті. Гүлдерімді ретімен қойып берсеңдер,  қолдарыңнан келсе - моншақтар сендердікі.

Әуіт шетінде 1ден 10 ға дейін сан жапсырылған гүлдер қалқып жатады. Балалар кедергілерден жүзіп өтіп гүлдерді алып рет- ретімен қойып шығу керек.

Шортан балық сан қатарын тексереді, моншақтарды қайтарып береді.

Нұсқаушы: Жарайсыңдар, балалар, барлық моншақтар жиналды!

Бақа Клава: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер моншақ іздеп жүргендеріңді естідім. Менде сендердің іздегендерін бар. Менің бақаларымды тамақтандырып берсеңдер, моншақтарыңды қайтарамын.

Балалар су астына сүнгіп, батқан ойыншықтарды себеттегі санға сәйкес  жинайды. Әр бақаның өз саны 1-5 ке дейін белгіленген.

Нұсқаушы: Жарайсыңдар, балалар, барлық моншақтарды жинадық! Лунтикке барып қуантайық!

Балалар моншақты жіпке тізіп, Лунтикке табыстайды. Лунтик балаларға ризашылығын білдіріп Миланың туған күніне аттанады.

Релаксация

Нұсқаушы: Балалар, бүгін үлкен іс атқардық. Лунтикке көмектестік, достық, ұйымшылдығымызды көрсеттік. Енді денемізді босансытып демалайық.

Жаттығу: «Жұлдызша» (арқамен жатып)

Рефлексия

1. Қай ертегі кейіпкерлерімен кездестік?

2. Қай кейіпкердің тапсырмасы ұнады?

3. Лунтикқа көмектескенімізден қандай әсер алдыңдар?

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст