«Көңілді жаңа жыл»
Тәрбиеші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы!
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін!
Бәрімізге осы жыл арайлы!
Құтты болсын, балалар!
Жаңа жылды тағы да
Қол соғып қарсы алайық.
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Ақжелек» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Тәрбиеші: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет! Әсем шыршамызда ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәріміз де әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп, жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, кәне, менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат!
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет)
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады): - Балалар, жарайсыңдар. Тәрбиеші: Айтыңдаршы, жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Кәне, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар, Ау - у - у - у! (3 – рет)
Тәрбиеші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Тәрбиеші: Кезекті біздің балалардың ойынына берейік.
Ойын: «Шыршаны безендіреміз»
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Тәрбиеші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Тақпақтар: (айтылады.)
(музыкамен бұралаңдап түлкі келеді)
Түлкі: - о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек.
Түлкі:- Ананы да, алдадым,
Мынаны да алдадым,
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)
(музыкамен қасқыр келеді, қолында гитарасы бар)
Қасқыр: -Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Әрі жүр. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егер де,
Қозы етін жемесем.
Ахо - хо. Охо - хо.
Тәрбиеші: -Одан да сендер сыйлыққа таласқанша, біздің балалармен бірге аңдар биін билеп, көңіл-күйлеріңді көтеріңдер.
Би: «Аңдар».
Міне, балалар мен аңдар да өнерлерін көрсетті.
Ойын: «Балық аулау».
Қасқыр мен түлкі: Жарайды, аяз ата орманға келіп, аңдарды да құттықтап, сыйлығын берер кеш болып қалыпты орманымызға қайтайық (түлкі мен қасқыр кетеді).
Ойын: «Ұлпа қарларды ұшырамыз».
Тәрбиеші: Ендігі кезекті кішкентай ақшақарларымыздың биіне берейік.
Би: «Ақшақарлар».
Тәрбиеші:- Аяз ата, Ақшақар, сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығына сыйлық үлестіріледі)
Аяз - Ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Енді, біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер! Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі.
Біз тілейміз, жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз, жаңа жылдық бақытты.
Тәрбиеші: Құрметті, қонақтар, балалар! «Көңілді жаңа жыл»
атты жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай мерекені кереметтей өтуге атсалысып жүрген, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рақмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!