«Күн, ауа, су» ойын- сауығы
Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салты туралы түсінік беру. Денсаулықты шынықтыру керек екі туралы ақпарат беру. Өзара дос болуға, бір – бірін сыйлауға үйрету.
Құралдар: құрсау, лента, балық, ыдыстар, су, желдеткіш.
Барысы: Сәлеметсіз бе, балалар.
Біз бүгін» Күн, ауа,су» біздің достарымыз деген ойын – сауыққа жиналдық.
Мен сендерге жұмбақ жасырғым келір тұр.
Жұмбақ:
Аяғы жоқ жүреді,
Сылқ-сылқ күледі. «Су»
Су: кейіпкер: Сәлеметсіңдерме, балалар
Мен сендерде ойын – сауық дегенді естіп келдім.Мен седермен би билегім келіп тұр,қане бәріміз бірге билейі.
Балалар бізге су не үшін керек? Балалардың жауаптары.
Жақсы,енді бір билеп алып көңілімізді көтеріп алайықшы.
Би: «Буги-вуги»
Тәрбиеші: Жұмбақ жасырам:
Күндіз бар да, түнде жоқ
Онсыз өмір , мүлде жоқ. «Күн»
Ол не? Күннің көзі
Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен музыка әуенін естіп келдім. Сендермен бірге көңілімді көтеруге келдім. Сендердің қандай өнерлерің бар, көрсетіңдерші. Қане, бәріміз жаз туралы ән айтып берейікші.
Күн: керемет, жақсы көңіл - күй сыйладыңдар.
Ән: Жаз
Тәрбиеші: Біз ән айтық,би биледік. Кезекті ойындарға берейік
Екі топқа бөлінеміз.
Күн мен Су :кейіпкерімен 5 баладан шығады.
«Күннің шуақтарын жина» ойыны
Шарты: бір баладан шығып сары күннің шуақтарын жинайды.
« Күн мен жаңбыр»
Шарты: Күн мен жаңбыр командасы шығады музыка әуенімен балалар билейді, әуен тоқтағанда қол шатырға тығылулары керек.
«Балықтарды құтқарамыз» ойыны
Шарты: Бос ыдыста балықтар тұрады, ал қасында ыдыста су болады, командалар бергі бойынша суды балығы бар тазикке тасулары керек.
Ойын: «Көңілді күннің көзі»
Шарты: Балалардын қолында доп, бір обручтан екінші обручка секіріп, күнді айналып жүгіріңп барып қолындағы допты келесі балаға береді.
Балалар, тағы бір көңілді ойынымыз бар,
Ойын: «Қатты жел»
Шарты: Қолдағы желдеткішкеп, обручтарды жылан тәрізді жүгіріп, желдеткіштер айналғанша, Суды айналып, желдеткішті келесі балаға беру.
Би: «Жаңбыр»
Қорытынды: Жақсы, балалар. Жақсы көңіл көтердік. Топтарымызға қайтамыз.