"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күз мереке – күз береке !» күз мерекесі. тәрбиеші Маханова Гүлнар Мадешқызы.

03.11.2023

«Күз мереке – күз береке !»  күз мерекесі

Мақсаты:

- мерекелік көңіл-күйін құру;

- ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;

- балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;

- ойын барысында досшылыққа тәрбиелеу;

- табиғатты тамашалай білуге, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Зал күз мезгіліне байланысты безендірілген: жапырақтар, күзгі ағаштар, көкөністер мен жемістермен толған себеттің суреті, күн, бұлттар.

Құрал жабдықтар: ,көк түсті жалаулар ,көкөністер, жемістер муляж, себеттер, түрлі-түсті доптар,банан, апельсин,алма.

Кейіпкерлер: Жүргізуші, Күз, орман атасы, тиін.

Билер: «Тиіндер», «Саңырақұлақтар биі»,

Ойындар: «Кедергілерден өту-түстерді жинау», «Дәмін анықта», «Көкөністерді мен жемістерді ажырат»

Ертеңгіліктің барысы:

Балалар залға көк жалаулармен,жұптасып ұлттық әнімен кіріп тұрады.

Флешмоб «Менің елім, Қазақстан!»

Жандос:

Отан деген- Атамекен

Отан деген –туған жер

Самир;Отан ана- Отан үлкен

Қазақстан туған ел.

Музыка әуенімен Күз кіреді.

Жүргізуші:Балалар, табиғаттың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз тағы келді. Жылдың қай мезгілін алсақ, табиғат өз ерекшелігімен сұлу көрінеді. Табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті. Өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, біз де әрқашан көңілді боламыз.

Күз:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай әдемісіңдер!

Жүргізуші: Сәлеметсізбе бе, Алтын күз. Сізді көруге өте қуаныштымыз. Күзде табиғаттың бәрі өте әдемі, ғажайып болып тұрады. Біздің де балаларымыз әдемі киініп күзгі мерекеге келді.

Күз: Ал қандай күзгі мереке әнсіз, бисіз өтеді. Сондықтан бүгін менің күзгі орманымнан кішкентай тиіндары келіп, сендерге күзгі би орындап береді.

Күзгі би. «Тиіндер биі.»

Жүргізуші: Біздің қыздарымыз әдемі би билеп берді. Ұлдар сендерге ұнады ма?

Музыка әуенімен Тиін мен Орман атасы кіреді.

Тиін:Мен жаңғағтарымды жоғалтып алдым, қайда жоғалып кетті екен. Маған көмектесші сіз осы орманда қандай да жаңалықтар бар  болса біліп отырасыз.

Орман атасы:Ия, ия, кеше құстар ән салып әңгімелерін де айтып кетіп еді. Мүмкін кірпі алып кеткен шығар, қазыр мен тыңдап көрейін , біраз түрып тыңдайды. Кірпі ағаштан түскен жаңғағтарды жинап келе жатып шашып алыпты дейді. Қарға құлағыма сыбырлап кетті.

Ойын «Жаңғақ жинау» тиіндар шығып жинайды.

Балалардың тақпақтары

1 бала: Алтын, сары, қызыл, көк,Жандос

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

2 бала: Сап-сары маңай,Самир

Сап-сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

3 бала: Жердің көркі қашады,»(Альбина)

Таулардан бұлт асады.

Қайтып күннің қызуы,

Шөпті қырау басады.

Күз: Жарайсыңдар, балалар, рақмет сендерге. Бірақ күн салқындап аспанды, жиі бұлт торлағанға мені көңілсіз деп ойламаңдар. Сендердің ойындарыңа көрік беретіндей менің де қасиеттерім бар. Келіңдер, бірігіп ойнап көңіл көтерейік.

«Түрлі-түстерді жинау» ойыны

Ойын шарты: төрт екі топқа бөліп балалар шығады. Залдың екі жағында әр топқа үстел тұрады.. Балалардың мақсаты кедергілерден өтіп үстел басындағы түстерді орналастыру п орнына тез жету..

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Күз, көрдің бе біздің балаларымыз қандай тез, ақылды. Олар ең жақсы балалар! Ал қазір біздің қыздарымыздың және ұлдарымыздың орындауында көңілді әнді қабыл ал.

Ән « Күз келді»

Күз: Керемет! Мен сендерге қатты риза болып отырмын. Расында да, сендер өте ақылды, досшыл, өнерлі балалар екенсіңдер.

Күз: Рақмет, балалар. Өлеңдерің өте әдемі. Маған сондайлық ұнаған, менің ойнағым да келіп тұр.

Жүргізуші: Әрине ойнайық. Балалар, күз бізге қандай сыйлықтар әкеледі?

Балалар: Жемістер мен көкөністерді әкеледі.

Жүргізуші: Дұрыс. Ал сендер қандай көкөністерді білесіңдер?

Балалар жауап береді.

Жүргізуші: Онда біз сендермен көкөністермен жемістерді ажыратып берейік. Маған 4 бала керек. Күз, тиін, орман атасы сендер де бізбен ойын ойнаңдар.

Ойын: «Көкөністермен жемістерді ажырат»

Би «Саңырауқұлақтар биі»

Жүргізуші: Балалар тыңдаңыздар бір дыбыс шығады ,тыңдап көрейікші.

Музыка әуенімен «Тосын сәт» Машинамен саңырауқұлақ кіреді.

Жүргізуші:

Күз келіпті дегенше,

Мереке болсын дегейсің,

Қонаққа келіп тұратын,

Көрермендер көбейсін!

Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды.

Рақмет. Сау болыңыздар!

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.11.2023 11:33
Құрылған күні: 03.11.2023 11:34

Текст