"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Логопедиялық ұйымдастырылған іс – әрекет. Тақырыбы: «Дыбыстар елінде». Логопед Асаинова Г.Х.

18.02.2025

Логопедиялық ұйымдастырылған іс – әрекет.

Тақырыбы: «Дыбыстар елінде»

Мақсаты:

Коррекциялық – білімділік:

Әртүрлі бағыттағы артикуляциялық,тыныс алу жаттығулары,қызықты ойын тапсырмалары арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыра отырып,дыбысты сөзде,сөйлеу барысында анық айтуға дағдыландырып,дыбысты есту арқылы ажырата білуге үйрету;

Коррекциялық – дамытушылық:

Сөздік қорларын,сөздерді байланыстыра отырып дұрыс сөйлем құрастыру дағдыларын дамыту, мнемокемте әдісін қолдану арқылы ой – өрістерін дамыту;

Корррекциялық – тәрбиелік:

Белсенділікке, жауапкершілікке, ұжымдық жұмысқа тәрбиелеу;

Барысы:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл – күйлерің қалай? Балалар, бүгін біздерді дыбыстар елінде әртүрлі қызықты ойындар күтіп тұр,сендер қызықты ойын тапсырмаларын орындауға дайынсыңдар ма?

Алдымен ойын шарттарымен танысайық: мен сендерге сұрақ қойғанда тек қана қол көтеріп,әрі толық жауап беруге тырысамыз,бір – бірімізді қолдаймыз,көмектесеміз, бірақ кедергі жасамаймыз.

-Тіл бізге не үшін керек?

- Тілге арналған жаттығуларды не үшін жасаймыз?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Қандай дауысты дыбыстарды білесіңдер,дауыссыз дыбыстарды ше?

 

1 тапсырма

Үстелдің үстінде жатқан  айналарда көңілсіз смайликтар жапсырылып тұрады.

Балалар, қараңдаршы сендерге осындай көңіл – күй ұнайды ма? Маған ұнамайды,сендерге ұнамаса ол суретті алып тастайық.Алдымен көрсетейікші,осы көңілсіз смайликтарды,олардың қабақтары түйілген Енді таза айнаға қарап,өзіміздің көтеріңкі көңіл – күйімізді көрсетейік.

Жарайсыңдар,балалар!

2 тапсырма

Қасықпен  және мақта таяқшаларымен әртүрлі  дәстүрлі емес артикуляциялық жаттығулар орындау,тілге массаж жасау.

3 тапсырма

Суреттерде әртүрлі дауысты дыбыстар белгіленген, олар қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?Енді мұқият қараңдаршы,олар қандай дауысты дыбысты әндетіп айтып жатыр? Мен қандай санды көрсетсем, сонша рет омы дауысты дыбыстарды әндетіп айтасыңдар. Жарайсыңдар,балалар!

4 тапсырма

Ойын: « Неге ұқсайды»

Балалар, сендердің алдарыңда суреттер жатыр, сендер олардың неге ұқсайтынын анықтап айтып,созылмалы резинкалардан өздеріп жасап бересіңдер.

5 тапсырма:

Ойын «Дыбыстың орнын тап»

Экранға назар салайық, мен әртүрлі сөздерді айтамын,сендер  «р»дыбысын естісеңдер сүлгіні жыртып үрлейсіңдер.

6 тапсырма

Авторлық мнемокесте, қыс мезгілігне байланысты

Балалар, мен өлең жолдарын айтамын сендер соған сәйкес сюжетті суреттерді тауып алып құрастырасыңдар.

Бүгін міне қар жауып тұр далада,

Жылы киініп мен барамын ойнауға.

Аққаланы досымменен жасаймын,

Шанаменен биік қардан зулаймын.

Мұз айдында коньки тепкен тамаша,

Үлкендер мен балалар жүр қуана.

Боран соғып, ауа – райы бұзылды,

Барлық бала үйлеріне жүгірді.

Тақпақтың мазмұнына сәйкес суреттерді тауып алып, кілемнің үстіне құрастырады.

 

Рефлексия: Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс істедіңдер. Барлық тапсырмаларды орындадыңдар!Сендерге тапсырмалар орындаған кезде қиын болды ма? Көңіл – күйлерің қалай? Егер сендерге тапсырмаларды орындаған кезде ешқандай қиындық болмаса, онда сендер қызыл түсті  жұлдызшаларды алып,өздерің қызыл түске бояйсыңдар,егер біраз қиындау болса, онда жасыл түсті жұлдызшаларды бояйсыңдар.

Балалар жұлдызшаларды бояйды.

Жарайсыңдар, балалар! Сендер дыбыстар еліндегі барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Сау болыңдар.

 

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст