Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметі: Математика негіздері
Тақырыбы: . «Түймедаққа көмек»
Мақсаты: Математика негіздері сабағында балалардың білімдерін толықтыру, өз беттерінше шешім қабылдауға мүмкіндік беру. Мұражайдағы гүлдер туралы дағдыларын, танымдық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материал, АКҚ.
Әдіс-тәсілдер: түсіндірме, көрнекілік, сұрақ- жауап, АКҚ, дәстүрлі емес сурет салу, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалар іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Балалар, көңіл күйлерің қалай? Ал, сендер бүгінгі оқу қызметіне дайынсыңдар ма? Ендеше, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын тауып айтасыңдар. Осы жұмбақ біздің мұражайымызға байланысты.Мұражайымызда нелер бар? Жұмбақ: Су құйсаң болды. Кетеді бойлап, Әдемі, жұпар. Не? Көрші ойлап?
|
Шеңберге тұрады
Экспонаттар, гүлде, панолар.
Жауабы: ГҮЛ
|
Ұйым-қ Ізден-к
|
Музыка әуенімен мұңайып түймедақ гүлі кіреді. Түймедақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қалдарың қалай? Ал, менің қалым онша емес. Себебі, жел менің күлтелерімді ұшырып алып кетті. Маған сендердің көмектерің қажет болып тұр. Күлтелерімді қайтарып алуым үшін, жел маған бірнеше тапсырма ұшырып жіберіпті. Мен олар тапсырмаларды орындай алмаған соң, сендерге алып келдім. Көмектесесіңдер ме? Ой, балалар қандай әдемі мұражай . Осында менің достарым бар екен ғой. Тәрбиеші: Түймедақ сен мұңайма, біз саған көмектесеміз. Кел, жоғарылат, балалардың білімін де көріп қал. Балалар, түймедақтын тапсырмасын дұрыс орындауымыз керек. Олай болса,мына 1ші тапсырманы ашып көрейік: 1 тапсырма: «Көршісін тап»
2 тапсырма: «Кеңістікті бағдарлау» сюжеттік
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үлкен болып өседі 3 тапсырма: «Жолақшаға гүлдерді орналастыр және санмен қой»
|
Сәлеметсіз бе! Жақсы, көмектесеміз.
Үлестірмелі материалды қолданып тапсырмаларды орындайды ...4... тің көршісі 3 пен 5; 1 мен 3 көршісі 2;
Оң жақ үстінгі бұрышқа күннің көзін орналастырамыз, төменгі оң жақ бұрышына саңырауқұлақты,сол жақ үстінгі бұрышына бұлтты орналастырамыз,сол жақ астыңғы бұрышына көбелекті, ортасына торғайды орналастырамыз.
|
Реф-к түзету |
Балалар қарандаршы желдің тапсырмасын орындадындар. Жел енді Түймедақтың күлтелерін қайтарады. Балалар, бүгінгі сабақ сендерге несімен ұнады? Сабақта қандай да бір қиыншылықтар тудырды ма? Енді, қараңдаршы, сендердің алдарында жылы және суық түсті бояулар тұр. Дәстүрлі емес тәсілді қолдана отырып, алдарындағы жасыл түсті қағазға түймедақтың күлтелерін бояуға бастырып беріңдер. Бүгінгі оқу қызметіне сендер жақсы қатысып бердіңдер.Міне, сендердің ақраларыңда Түймедақтың да күлтелерін жел қайтарып берді. Ал, енді Түймедақтың да сендерге берер сыйлығы бар екен. Қабыл алыңдар. Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Рақмет! |
Ұнады, тапсырмалар киын болған жоқ.
Дәстүрлі емес тәсілді қолдана отырып оқу қызметте алған әсерлерін жылы және суық түспен бөтелкені пайдаланып белгіледі.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: өз бетінше шеішім қабылдауды.
Түсінеді: Кеңістікті бағдарлауды, сандардың көршісін табуды, жұмбақтар шешуді.
Үйрену керек:зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамыған.