Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы:«Сиқырлы сандық»
Мақсаты: Балалардың сандар және пішіндер, денелер жайлы түсіндіру. «бір» сөзінің мағынасы, ол тек бір затты ғана емес, сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретінде заттардың тобын білдіретінін түсіндіру.
Әр түрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқу іс -әрекетіне қызығушылығын ояту, оқуға ынта қоюға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: Сандық, құлып, үлестірмелі материалдар,чупа-чупс.
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы Бұл не?
Балалар: Жауабы
Тәрбиеші:Ия, дұрыс айтасыңдар. Балалар, сендер білгілерің келеме, сандықтың ішінде не бар екенін?
Балалар: Ия!
Тәрбиеші: Сандықтың ауызында бірнеше құлыптар тұр екен. Балалар, қараңдаршы бұл құлыптар жай құлып емес, құлыптарда әр түрлі пішіндер жапсырылған,неше құлып ілінген? Кәне кім құлыпты санап береді? бірақ қасында кілттері жоқ екен . Енді сандықтың құлыптарын қалай ашамыз?
Балалар: Құлыпқа кілт керек.
Тәрбиеші: Әрине дұрыс айтасыңдар, кілт керек, бірақ балалар құлыптағы пішінге сәйкес кілтін табамыз,кәне жан -жағымызға қарайық ,іздейік
Балалар: іздейді
Тәрбиеші: Шаршының кілтін ашып көрейік, бұнда қандай тапсырма бар екен? Тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?
Балалар:Ия!
1-тапсырма: «Нүктені санап, сандарын қой»
Шарты: Екі столға бөлініп нүктелерін санап, сандарын қойыңдар.
Тәрбиеші: Ал енді балалар екінші құлыптың кілтін іздейік.
Тәрбиеші:Дөңгелектің кілтін ашып көрейік, бұнда қандай тапсырма бар екен? Бұл тапсырмада
2- тапсырма: «Жиындарын табыңдар»
Шарты: Жиынға байланысты әр түрлі тапсырмалар бар, әр түрлі суреттер бар ,бірінші столда жануарлар жиыны,сендер осы жануарлар жиынның ішінен үй жануарлары мен дала жануарларын жиынын табуларың керексіңдер.Фломастер мен қоршаңдар . Екінші столдағы балалар көкөністер жиыны. Түстеріне байланысты жиынын тауып қоршаңдар.
Тәрбиеші: Тік төрт бұрыштың кілтін ашып көрейік, бұнда қандай тапсырма бар екен?
3-тапсырма: қимылды ойын: «Айырмашылығын тап»
Шарты: Ән әуені қосылғанда сендер шеңбер мен билеп айналып жүресіңдер, ән әуені тоқтағанда қолыңдағы сағатқа қарап түсіне байланысты жерде жатқан әр түрлі түстерге тұра қаласыңдар. Қандай пішінде тұрсың? Қолыңдағы не? Неліктен сен ол түске тұрдың?
Балалар:
Ал енді балалар ең соңғы кілтті іздеп көрейік
Балалар: Іздейді
Тәрбиеші: Тік төртбұрыштың кілтін ашып көрейік, бұнда қандай тапсырма бар екен?
4-тапсырма:
«Логикалық жұмбақтар»
1.Үш қоянда қанша құлақ бар?
2. Қазда бар екі аяқ
Тауықта бар екі аяқ
Екеуін қосып санасақ
Болады сонда қанша аяқ?
3. Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады менде неше алма?
4. Бір ағашта 5 алма
Бірін бердім Санатқа.
Бірін бердім Қанатқа,
Сенде қалды неше алма?
5.Көгалда 4 балапан жайылып жүрді.
1 балапан кетіп қалды
Көгалда неше балапан жайылып жүр?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар , мына сандығымыз ашылды ішінде не бар екен?
Балалар: Хат бар.
Тәрбиеші: Ой балалар мында хат жатыр екен , кәне мен ашып көрейін,Мен математика ханшайымын, мен сендерге сиқырлы сандығымды тастап кетіп едім
Сендердің сандықты ашқандарыңды көріп ,риза болдым , барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар сол үшін сендерге сандықтың ішіндегі тәттілерді беремін .
Рефлекция:
Ендеше балалар осы оқу іс- әрекетінен алған әсерлеріңді екі түрлі кәмпитті, кәмпит салатын вазаға салыңдар, кімге оқу іс- әрекеті қызықты болды сол, көк түсті шоколадты мына вазаға саласыңдар, ал кімге қиындау болды ол сары түсті кәмпитті мына вазаға салыңдар.