/public/files/2024/11/27/271124_181514_bolasha-mraghay-ghoba.docx
"Мұражай – бүгінгі ұрпаққа өнеге» жобасы балалардың мәдени мұраны зерттеп қана қоймай, оны сақтау мен дамытуға белсенді қатыса алатын білім беру ортасын құруға бағытталған. Бұл жоба мұражайдың білім көзі және балалардың тарих пен мәдениетке деген құрмет сезімін тәрбиелеудің маңызды элементі ретіндегі рөліне назар аударады. Балаларға қызықты қызмет барысында қоғамның табиғи, материалдық және рухани байлықтарына баулудың бірегей мүмкіндігі беріледі. Бірлескен жұмыс барысында мектепке дейінгі балалар мұражайлардың пайда болу тарихымен, мұражайлардың түрлерімен, мұражайлардағы тәртіп ережелерімен танысады; галерея, мұрағат, экспонат, экспозиция, қоршы, экскурсовод және т.б. сияқты ұғымдарды түсіну және ажыратуды үйренеді; іздестіру-жинақтау, безендіру, экскурсиялық қызмет дағдыларын меңгереді. Қалыптасқан іскерліктер мен дағдылар тәрбиеленушілерге ересектермен бірге МДҰ-ның топтық үй-жайларында шағын мұражайлар құруға көмектеседі.