"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұйымдастырылған іс-әрекет : Қоршаған ортамен танысу. Тақырыбы:«Жәндіктер біздің досымыз». Тәрбиеші Жанадилова А.М.

11.11.2022

Ұйымдастырылған іс-әрекет : Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы:«Жәндіктер біздің досымыз»

Мақсаты: 1. Балаларды сұрақтарға жауап беруге, жәндіктерді, түстерді, дыбыстарды ажыратуға үйрету. Маусымдық өзгерістер туралы білім беру,шығармашылық дағдыларын,есте сақтау, танымдық қабілеттерін  дамыту. Табиғатты аялауға,жәндіктерді қорғауға,жақсылық жасауға, көмектесуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, «сөйлейтін қабырға», ойындар, әңгімелеу, көрнекілік, АКҚ, ойын әдістері.

Көрнекі құралдар: шар, карточкалар, қолшатыр, желім және араның дайын үлгісі, «сөйлейтін қабырға» арналған көрнекіліктер, құм, әдемі қорапша, рефлексия бөліміне бұлт тамшылары,күн шуақтары.

іс-әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушылық

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.

Керемет, балалар бүгін бізді өте қызықты ойындар күтуде.

Балалар , жаңа сендер «бақшамызда күні бойы қызыққа батамыз » деген өлең жолдарын айттыңдар.Ендеше айтыңдаршы сендерге балабақша ұнайдыма?

Балабақша несімен ұнайды?

Балабақшамыз қалай аталады?

Кім қабырғадағы суреттер ішінен балабақшамыздың суретін тауып бере алады?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде қандай ерекшеліктер болады?(қабырға суреттері арқылы)

Жарайсыңдар балалар дұрыс айтасыңдар.

Жақсы көңіл-күймен қайталайды .

 

 

 

 

Иә ұнайды.

Біз балабақшада ойнаймыз, тамақтанамыз, ұйықтаймыз, қызықты тапсырмалар орындаймыз.

«Болашақ»балабақшасы

Қазір күз мезгілі.

 Жаңбыр жауады,жапырақтар сарғайып жерге түседі.Біз жылы киімдерімізді киеміз,бау-бақшадан жемістермен, көкөністерді жинаймыз.

 

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Ғажайып сәт: (араның дыбысы естіледі,) Балалар, бұл ненің дыбысы екен?

Сәлеметсіңдер ме, балалар?(көңілсіз күйде)

-ара сен неге көңілсізсің?

Ара: көңілсіз болмай қайтейін, күз мезгілі де аяқталып жатыр, ал менің достарымның барлығы  ұйқыға кетті,енді кіммен ойнаймын? Достарыммен қыс түскенше ойнап алу үшін тапсырмаларды орындау арқылы оята алады екенмін. Соған көмек керек.

-Балалар араға көмектесеміз бе?

Олай болса екі топқа бөлініп отырайық балалар,тапсырманы тезірек орындап аяқтайық.

1-топ «Аралар», 2-топ «Көбелектер»

1-тапсырма. «Сиқырлы жарық»(жарық көмегімен жасырынған жәндіктерді тауып, атап, ажырату)

 

Рақмет, балалар! Сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Қарайықшы араның қай досы оянар екен?

(қорап ішіне пружинаға бекітілген көбелек салынады. Музыка ойнап, қорап ашылғанда көбелек шыға келеді)

-Балалар бұл не? араның қай досы оянды?

Көбелек жануар ма, жәндік пе?

Ара:-Рақмет балалар!Менің көбелек досымның ұйқыдан оянуына көмектестіңдер. Алақай!

 

Балалар тағы бір тапсырма бар екен. Орындауға дайынбыз ба?

 

2-тапсырма. «Араға сыйлық»

(шығармашылық жұмыс, саусақтарға «кірпі» жаттығуы)

Ара үйін саусақпен нүктелер жасай отырып бояп, қиылған ара үлгісін желіммен үстіне жапсыру.

 

Жарайсыңдар, балалар, рақмет сендерге. Тапсырманың бәрін дұрыс орындадыңдар. Араның қандай досы оянар екен?

-Балалар, қараңдаршы алдарыңда тұрған ыдыста не бар?

Араның дыбысы.

 

 

 

Балалар қуана келіседі.

Иә көмектесеміз.

 

 

 

 

Балалар жарықпен жасырынған заттарды тауып атап ажыратады.

 

 

 

 

 

 

Көбелек.Араның көбелек досы оянды.

Көбелек-жәндік.

 

Балалар көбелекті тәрбиеші көмегімен тақтаға іліп қояды.

 

Иә дайынбыз.

 

 

Саусақ жаттығуын қайталап,араға сыйлық жасайды.

Ара үйін бояп, араны үйінің үстіне жапсырады. Дайындаған жұмыстарын тақтаға іледі.

 

Құм.

 

 

-Құмда не бар екен ішінен іздеп көрейікші.?

Ара: Алақай! Жарайсыңдар, балалар! Рақмет! Маған керемет сыйлық жасадыңдар әрі менің құмырсқа досымды ұйқысынан ояттыңдар. Мен өте қуаныштымын.

Балалар құмырсқа ол не?

Жарайсыңдар балалар, ендеше сендерге қызықты ойын ұсынғым келіп тұр.

3-тапсырма: «Ақылды қолшатыр»

Ойын шарты: музыка әуенімен билеп, музыка тоқтағанда қолшатырда ілініп тұрған карточкаларды алады, карточкадағы суреттердің қандай (бұрыштың) сюжеттік-рөлдік ойынға жататынын және ертегідегі қандай  кейіпкерлер бейнеленгінін  ажыратып айтады. Кім дұрыс айта алмаса ойыннан шығып орнына барып жайғасады.

 

Жасырынып тұрған  араны шығарып, (шарға бейнеленген) балалар, міне көңілді арамыз да арамызға қосылды оны өз достарының қасына іліп қойайық.

Құмырсқа.

 

 

 

 

Құмырсқа –ол жәндік.

 

 

Музыка әуенімен билеп ойынға қызығушылықпен қатысады.

Балалар тапсырманы аса қызығушылықпен орындап айтады

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық түзетушілік

Жарайсындар,  балалар! Бүгінгі іс-әрекетке өте жақсы, белсенді қатыстыңдар. Көбелектерді аулауға, құмырсқаны өлтіруге, илеулерін бұзуға болмайды. Араға да тиісуге болмайды балалар. Жәндіктерге әрқашан осылай қамқор жасап,көмектесіп жүрейік. Жәндіктер-біздің досымыз.

-Балалар айтыңдаршы, бүгін біз кімге көмектестік?

-Араның қандай достарын ұйқысынан ояттық?

-Араға қандай сыйлық жасадық?

-Бүгінгі іс-әрекет сендерге қызықты болды ма?

Ендеше қызықты болса,  ұнаса ілініп тұрған күнді шуақтарымен толтырамыз, егер қызықсыз болса бұлтқа жаңбыр тамшыларын ілеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Араға.

Көбелек, құмырсқа

 

Араның өзін жапсырып,үйін жасадық.

Иә қызықты болды.

           

 

Күтілетін нәтиже:

 

Білу керек: Жәндіктерді тануды,табуды, ажыратуды.Жәндіктерге әрқашан қамқорлық жасай білуді.

 Болу керек: Іс әрекетке қызығушылықтары.

Меңгерді: Жапсыру тәсілдерін,командалық жұмыс,сыни ойлау арқылы жұмыс жасау дағдыларын меңгерді.

  • DSC_0016.JPG
  • DSC_0016.JPG


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 11.11.2022 15:40
Құрылған күні: 11.11.2022 15:59

Текст