"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Менің Отаным- Қазақстан!». Тәрбиеші Дюсекеева М.М.

19.04.2022

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі:  Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Менің Отаным- Қазақстан!»   

Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Балалардың  Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды елін, жерін, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға  тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: В.Воскобович технологиясы, АКТ, квест ойындары,  тәжірибе, әңгімелеу, «Миға шабуыл»

Көрнекілік: Интерактивті тақта, қылыш, күміс, M&M, қауырсын, тас, жапырақ, су, геоконт ойын кешені.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру

шылық-ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексифтік

түзетушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар музыка залына, (жас ұлан, шекарашы,танкист,теңізші, батыр) костюмдерін киген сарбаздар саппен залға кіреді.

-Экраннан

 «Ат пен адамның достығы» туралы аңыз көреміз.

-Балалар, сендер жаңа аңызды көрдіңдер,аңыздағы адам кім?

-Қасындағы не?

-Дұрыс айтасыңдар, осылай ат пен адам дос болыпты

-Балалар, батыр қандай болу керек?

-Дұрыс, батырды тағы кім деп айтуға болады?

-Патриот деген кім?

 

 

 

«Миға шабуыл»

-Біз қандай елде тұрамыз?

 

-Президентіміз кім?

 

-Рәміздерді атап беріңдерші?

 

-Бас қаламыз қай қала?

Тосын сәт (хаты бар жебе ұшып келеді)

-Балалар, сендер бір дыбыс естіп тұрсыңдар ма?

-Ой, балалар мынау не?

-Дұрыс айтасыңдар! Мына экрандағы батырдың жебесі сияқты, қане ішін ашып оқиын

 

 

&Үнтаспа хат

«Балалар,ата-бабамыздан қалған көне зат қылыш бар еді, сол қылыш жоғалып кетті,сол қылышты менің туып өскен жерім Ерейментау төңірегінен іздеңдер.Ол қылышты табу үшін, біірнеше кедергілерді жеңіп, тапсырмаларды орындау керек,өздеріңнің зеректіктеріңді, ұйымшылдықтарыңды көрсетіңдер»

-Балалар, олай болса сендермен алмас қылышты іздеуге шығайық.

-Жолымызды қысқарту үшін өлең, тақпақ айтып барайық

 

Экраннан балбал тас суреті көрсетіледі

 

-Балалар,қараңдар,мына жерде бір сурет тауып алдым,

-Бұл не?

-Мына экрандағы сурет екеуі ұқсайды ма?

-Бұл «Балбал тас» тастан жасалған адам бейнесі,олар Қазақстанда өмір сүрген адамдардың салт-дәстүрлерін көрсетеді,осындай тас мүсіндер Ерейментау төңірегінде кездеседі. Жергілікті халық оларды «Қос батыр» деп атайды,қане осы жерден алмас қылышымызды іздеп көрейікші?

-Қараңдар! бұл  жерде мынадай тапсырмалар жатыр екен

1-тапсырма: «Батырдың қаруын жасау»

(В.Воскобович ойын кешені-Геоконт)

-Балалар, бұл жерде алмас қылыш жоқ екен, жолымызды әрі қарай жалғастырайық

 

-Балалар мына суретке қараңдаршы

(Әулие бұлақтың суреті көрсетіледі)

 

-Бұл не деп ойласыңдар?

-Дұрыс! Ендеше қазір біз сендермен Ерейменнің көрікті жерлерінің бірі- «Әулие бұлақ» деген жерге барамыз. Жаушоқы  бағының басты көрікті жері- «Әулие бұлақ» бұлағы, ол «Қасиетті бұлақ» дегенді білдіреді.

-Әулие бұлақ туралы білдік, енді осы жерден алмас қылышты іздеп көрейік

2-Тапсырма: «Сумен тәжірибе»

1- «Сиқырлы түстер»

 

 

 

 

 

 

2-«Ауыр-жеңіл»

 

 

 

 

3- «Күмістің қасиеті»

 

 

 

 

-Балалар мынау сурет ненің суреті?

-Қандай ағаштың суреті?

 

 

-Олай болса, осы суреттегі ағашқа бет алайық

-Балалар, міне біз суреттегі ағашқа келдік.

-Мына тұрған бәйтерек ағашы,ол Қазақстанда өседі,қоңырқай түсті, діні тік және жуан болып келеді. Бәйтерек ағашы сәуір-мамыр айларында гүлдейді

-Ал енді алмас  қылышымызды осы жерден іздеп көрейік

(алмас  қылыш, бәйтерек ағашының басында ілініп тұрады)

-Қараңдар! біз сендермен алмас қылышты таптық

& «Ұрпақтарым, міне, менің арманым орындалды, сендер елді, жерді қорғаған алмас қылышымды таптыңдар.  Мен сендерге өте ризамын. Осы қылышты алып,өз мұражайларыңа қойсаңдар, алмас қылыш сендерді үнемі қорғайтын болады. Ешқандай жау сендерге тиіспейтін болады. Бақытты болыңдар, балапандарым!»

-Балалар, қандай керемет! Ендеше қылышымызды өзіміздің мұражайымызға апарып қояйық

-Ал қазір бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлеріңді, алғыстарыңды, мына тұрған бәйтерек ағашына ақ шүберек байлап білдірейік.

 

 

-Өте жақсы балалар,біз өз Отанымызды, елімізді,туған жерімізді жақсы көреміз.

 

 

 

-Қазір «Сәлем Қазақстан» әнімен оқу қызметімізді аяқтайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Ол батыр

-Ол батырдың аты

 

 

 

-Батыр,ержүрек, қайсар

-Патриот

 

-Патриот деген,елін, жерін жақсы көретін адамды патриот дейді

 

 

-Біз Қазақстан елінде тұрамыз

-Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев

-Ту,Елтаңба,Әнұран

 

-НұрСұлтан қаласы

 

 

-Ия, естіп тұрмыз

 

-Бұл батырдың жебесі

Балалар таң қалып тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, өлең, тақпақтарын айтады

 

-Бұл тас

-Екеуі де ұқсайды

 

Балалар мұқият тыңдайды, жан-жағынан тасты іздей бастайды.

 

 

 

 

 

Экранда сарқырап ағып жатқан су бейнесі көрсетіледі.

 

 -Бұл жоғарыдан ағып жатқан су

Балалар таң қалып, қарап тұрады

Әулие бұлақтың жанынан  алмас қылышты іздейді.

Қызығушылық танытып, тәжірибені орындайды.

 

 

 

 

 

 

-Ағаштың суреті.

-Бәйтерек ағашының суреті

 

 

 

 

 

 

Балалар назар салып, таң қалып тыңдайды

 

 

 

 

Балалар, қол шапалақтап алақайлап қуанады

Үнтаспадан шыққан дауысты мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

Балалармен бірге мұражайға апарып қойдық

Балалардан тілек: еліміз аман, жеріміз көркейе берсін.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені игереді: Геоконттан жебені жасауды.

Түсіне біледі: Отан, Қазақстан, туған жер туралы.

Болу керек: Елін, жерін, байлығын қорғайтын  өз елінің патриоты.

 

 

 

 

  

 

       

 

      

 

 

        

 

    

 

   

  • Рисунок1.jpg
  • Рисунок1.jpg
  • Рисунок1.jpg
  • Рисунок1.jpg
  • Рисунок1.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 19.04.2022 15:03
Құрылған күні: 19.04.2022 15:03

Текст