Мативациялық қозғаушылық
|
Жарқырайды таңымыз,
Күлімдейді күніміз.
Біз бақытты баламыз,
Ойнап,асыр саламыз.
Тосын сәт: Қонаққа тілші келеді.
Тілші: Сәлеметтсіздер ме,балалар!
Тәрбиеші: Төрлетіңіз қош келдіңіз біздің топқа.
Тілші: Мен ел жерді аралап жүрген көрші мемлекеттен келген Тілшімін.
-Балалар, мен сендердің мемлекеттерің туралы білгім келеді.
Тілші;Балалар, сендердің Отандарың қалай аталады?
-Астаналарың қай қала?
|
Сәлеметсізбе.
Біздің Отанымыз Қазақстан деп аталады.
|
Ұйымдастыру іздестіру
|
Тәрбиеші: біздің ел рәміздеріміз бар.Бүгінгі оқу қызметімізді еліміздің әнұранынан айтудан бастайық
-Сіз біздің еліміздің қазіргі астанасы Нұр-Сұлтан қаласы жайлы білгіңіз келсе бізбен бірге болып, алдымыздағы экран арқылы саяхат жасайық.
-Ал, балалар саяхатымызды бастайық.
Тәрбиеші: Тәуелсіз ел болған соң мемлекеттік рәміздеріміз де бар.
Нұр-Сұлтан қаласы туралы слайд көрсету.
-Ал,мынау Ақорда үйі.Ол жерде біздің ел президентіміз Қ.Ж Тохаев атамыз жұмыс жасайды.
|
Астанамыз ол Нұр-Сұлтан қаласы.
Біз өз отанымызды сүйеміз.
-Балалар, орындарынан тұрып әнұран айтады.
-Балалар орындарына отырады.
-Біздің ел рәміздерімізге
Елтаңба, әнұран.ту жатады,
-Ақорда ел басымыздың жұмыс орны.
|
|
Ал, мынау ғимарат бас қаламыздың символикасы болып саналатын «Бәйтерек» монумент деп аталады.
-Мынау «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық орталығы.
Мына ғимарат «Пирамида» бейбітшілік келісім сарайы екен. Ол жерде шет мемлекеттерден келген қонақтар өзара келіс сөздер өткізеді.
Ал, мынау «Әзірет Сұлтан» мешіті.
Сергіту сәті:
Ал, енді балалар, шет мемлекеттен келген тілшімізге ұлттық бұрышпен таныстырайық.
-Ұлттық бұрыштағы ұлттық заттармен бұйымдар және ұлтттық киімдер мен таныстырылды.
-Балалар, енді ойындар ойнайық.
Ойын: «Кигіз үйдің заттарын орналастырамыз».
Ойын: «Өз туымызды ою-өрнек пен әшекейлейміз».
-Енді балалар, бәріміз қонақпен бірге тобымыздың шағын мұражай бұрышына барайық.
-Біздің шағын мұражайымыздың аты: «Қазақстан астаналары»-деп аталады.
Ежелгі астаналары болған тоғыз қала екен .
Олар мына қалалар болған екен.
оптық жұмыс: пано жасау
«Нұр-Сұлтан»
қаласының көрікті ғимараттарын жасау.
Тілші: Мен сендердің бас қалаларың туралы жасаған ұжымдық жұмыстарыңды фотоға тартып алайын өз еліміздің телеарнасына және журналдарына шағарамын.
-Балалар. Бұл жасаған топтық жұмысымызды шағын мұражай бұрышына қояйық .
-Тілші:Өте тамаша балалар.Өз Отандарыңды туған жерлеріңді ,сүйетіндерің көрініп тұр.Өз астаналарың Нұр-Сұлтан жайлы оның әсем де зәулім ғимараттарымен таныстым.Қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстым.
-Рақмет енді мен жолға шығайын.
|
Бәйтерек туралы түсінеді.
-Балалар, еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан туралы слайд арқылы көріп танысады.
«Кигіз үй»
-Тілщі балалар мен бірге ұлттық бұрышқа барады.
Біздің қазақ халқыың ұлттық бұйымдар мен киімдер мен танысады.
-Балалар, заттарды өз орындарына орналастырады
Көк тудың өрнектерін орналастырады.
-Тілшімен бірге топтың шағын мұражай бұрышы мен танысады.
-Қазақстан астаналары болған қалалар:
-Созақ қаласы,Сығанақ қаласы, Ташкент қаласы, Түркістан қаласы, Семей қаласы, Орынбор қаласы, Қызылорда қаласы,Алматы қаласы.
Қазіргі заманауи астаны -Нұр-Сұлтан қаласы екен.
-Балалар, пано жасауға белсене қызығушылықтарымен қатысып жасады.
-Шағын мұражай бұрышына қойылды.
Тілші балалармен бірге болған саяхаттан алған әсерлерін фотоға түсіріп,өз елдерінің журнал,газеттеріне басылымға шығаратынын атап айтты.
-Сау болыңыз жолыңыз болсын!
|