"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қорытынды іс-әрекет. Тақырыбы: «Көңілді спорт алаңы». Дене шынықтыру нұсқаушысы Уатхан Дина, мектепалды тобы.

23.05.2025

Қорытынды іс-әрекет.

Тақырыбы: «Көңілді спорт алаңы».

«Сұңқар» мектепалды тобы.

Мақсаты: Балалардың дене тәрбиесі іс-әркетіңде игерген дағдыларын анықтау. Салауатты өмір салтының негіздерін, дене тәрбиесіне деген қызығушылық пен қажеттілікті қалыптастыру.

Міндеттері: Футбол элементтімен жаттығу. Үштік пас, доп шеңберде. Ойын жаттығулары арқылы футбол ойынның элеметттерін  жүзеге асыруға дағдыландыру, қимыл белсенділіктерін арттыру. Волейбол элементті. Допты лақтырып, қағып алу, дәлдік, секіру дағдыларын дамыту. Баскетбол элеметті. Торға допты дәлдеп түсіру, қимыл қозғалыс, қол бұлшық еттерін нығайту.

Құралдар: Волейбол, баскетбол, футбол, суджок доптары.

Кіріспе бөлім: (5 минут)

Сап тізбекке тұру, сап түзеу.

Нұсқаушы: Балалар, бүгін біз қайда келдік?

(Музыка әуенімен футбол, волейбол, баскетбол доптары кіреді.)

Футбол добы: Сәлеметсіңдерме, балалар! Көңілді спорт алаңына қош келдіңіздер!

Нұсқаушы: Балалар бізді кім қарсы алды? Балалар бұл доптарды қандай спорттық ойында қолданамыз?

Балалар: Футбол, волейбол, баскетбол.

Футбол добы: Футбол ойыны нені дамытады?

Балалар: Футбол ойыны жылдам жүгіруге, көздеп тебуге, ұйымшыл болуға үйретті.

Волейбол добы: Жыл бойы мен не үйреттім?

Балалар: Волейбол ойыны бізді дәлдікке, көздеп лақтыруға, дәлдеп соққы жасауға шынықтырды.

Баскетбол добы: Кәне балалар, менің спортым туралы не білесіңдер?

Балалар:  Баскетбол ойыны арқылы секіру, жүгіру, нысанаға көздеуге дағдыландық.

Волейбол добы: Жарайсыңдар достар! Біз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер!

Нұсқаушы: Олай болса сіздерді қызықты ойын жаттығуларды ойнауға шақырамыз.

Нұсқаушы: Балалар, біз спорт алаңныңда жыл бойы үйренген жаттығуларымызды, өзіміздің қалыптасқан дағдыларымызды, меңгерген іс-әрекетімізді көрсетеміз. Сап түзел тік тұр, оңға бұрыл. Залды айнала алға қадам бас. (Бір-бірден жүріп сөреден допты алу).

Допты  жоғары көтеріп, аяқ ұшымен арқаны тік ұстап жүру.

Допты желкеге қойып өкшемен жүру.

Допты оң, сол қолымен ұстап, қырыңдап секіре жүру.

Допты тізеге жеткізіп жүру.

Жеңіл жүгіру, баяу жүру, дем алу, дем шығару.

Сап тізбектен үш колоннаға бөліну.

ЖДЖ «Доптармен».

1) Допты жоғары көтеру, алға созу төмен түсіру; (5 рет)

2) б.қ- тік тұру допты өкше арасына қысып тұру, қол белде, 1-2 аяқ ұшына көтерілу, қолды артқа созу; (5 рет)

3) б.қ тізені бүгіп отыру, доп алда;

1-4-допты оңға, солға айналдыра жүргізу;

4) б.қ қолды артқа тіреп отыру, допты өкше арасыта қысып ұстау;

1-2-аяқты жоғары көтеру; 3-4- б.қ; (8 рет)

5) б.қ- арқамен жату, допты жоғары көтеру;

1-2- аяқты көтеріп допқа тигізу; 3-4-б.қ;тізені бүкпеу.

6) б.қ- доп кеуде тұсында; допты 10 рет жоғары лақтырып алу, аяқты тізеге бүге отырып; (4рет)

Демді қалыпқа келтіру.

Негізгі жаттығу: Волейбол элементті. Допты лақтырып, қағып алу.(Жұптасып).

Футбол элементтімен жаттығу. Үштік пас.

Баскетбол элеметті. Торға допты дәлдеп түсіру.

Қимылды ойын: «Допты шеңберден шығарып алма».

Шарты: дөңгеленіп шеңберге тұрады, допты бір-біріне пас беру арқылы аяқпен соғды. Допты шеңберден шығарып алған бала ойыннан шығады. Ойынды ептілік, аяқпен допты соғу тәсілдерін көрсетеді.

Баяу ойын: массаждық доппен жаттығу.

Рефлексия: Іс-әрекеттен алған эмоцияларын доптар арқылы белгілеу. (тақтадағы алаңдарға жапсыру).

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст