"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің, Жаңа жыл» ертеңгілік «Еркетай» ерте жас тобы

31.12.2021

«Қош келдің, Жаңа жыл» ертеңгілік «Еркетай» ерте жас тобы

Мақсаты: Балаларды балабақшадағы Жаңа жыл мерекесімен таныстыру. Музыкалық шығармаларға эмоционалды жауап беруге үйрету.Ән мәтініне сәйкес кимыл қозғалыс орындау қабілеттерін дамыту. Музыка арқылы балалардың жан-жақты дамуына ықпал ету.

Құрал жабдықтар: Қуыршақ театрына арналған перде, қолғап қуыршақ мысық, қолғап қуыршақ қоян, мақта қаршықтары, сылдырмақтар, сәбіздер, сандық сыйлықтармен.

Әрекет етуші тұлғалар: қолғап қуыршақ мысық, қолғап қуыршақ қоян.

Музыка әуенімен балалар Ақшақармен бірге безендірілген залға кіреді.

Ақшақар қыз: - Балалар, қарандаршы. Бізде қандай әдемі шырша бар, оның үстінде қанша көп және әдемі ойыншықтар, шарлар бар. Шырша көңілсіз тұр, шамдарын жағайықшы. Ол үшін қасына тұрып үрлеуміз керек (алақандарын шыршаға қарай созып тұру)

Шырша қандай әдемі!

Бір, екі, үш ғажайып нұрмен жарқырай түс!

(Ақшақар, балалар алақандарына үрлейді, шапалақ соғады,шырша жарқырайды)

- Жарайсыңдар! (балалар орындарына отырады)

Перденін он жақ үстінгі бұрышынан  қолғап қуыршақ мысық шығады

Мысық: - Мяу, мяу, мяу, тонып қалдым. Ой, балалар, келіп қалыпсындар ғой.

  • Қош келдіндер! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Ақшақар, сен менің досымды қөрген жоқсын ба? Қайда екен?

(перденін үстіне қар үшып, мысықа тиеді)

Мысық: - Ой, ой, бұл не?

Перденін сол жақ бұрышыннан қолғап қуыршақ қоян шығады

Қоян: - Досым, сәлем! (құшақтасады)

- Сәлем, балалар! Жаңа жылмен сіздерді құттықтаймын!

- Досым, балалармен қар атысып ойнайықшы. Менің досым тонып қалыпты, жылынсын (қоян мен мысық перденін үстінде қаршықтарды лақтырысады, балалар Ақшақар мен шыршанын қасында)

Ойын: «Қар лақтыру»

Мақсаты: Қарларды бір-бірден жинауға үйрете беру, шапшандық дағдыларын дамыту. Достыққа тәрбиелеу.

Ақшақар:  - Қар атысып ойнағанда мен бір қапшық таптым, сол қапшықтын ішінде сәбіздер бар екен.

Қоян: - Е, бұл менің қапшығым. Аяз ата екеуміз сыйлықтар әкеле жатқанбыз, қай жерде түсіп қалғанын білмей қалыппым. Рахмет сізге, Ақшақар. Бұл қапшықта сылдырмақтар да  бар еді?

Ақшақар: - Қазір қарайын, бар екен.

Қоян: - Балалар сендер би билегендерін келе ме?, бірге билейікші.

(қолғап қуыршақ қоян, қолғап қуыршақ мысық пердеден көрініп билейді)

Би: «Көңілді қояндар» (сылдырмақпен)

Мысық: - Қоян досым, сенде қанша сәбіз бар? Көрейікші.

Ойын: «Кім жылдам»

Мақсаты: Сәбіздерді бір- бірден жинауға үйрете беру, кимыл қозғалыс дағдыларын дамыту. Достыққа тәрбиелеу.

Ақшақар: - Жарайсындар!

 - Қоян, мысық, ал менің Аяз атам балаларға дайындаған сыйлықтарын қайда қойдындар?

Қоян:- Біз досымыз екеуіміз сандықты ағаштын артына тығып қойдық, қарашы бар мекен? 

 ( Ақшақар ағаштын артыннан сыйлықтарды шығарып, таратады).

Ақшақар: - Ал, енді шыршамен, қоянмен және мысықпен қоштасатын кез келді.

 (қолғап қуыршақ қоян, қолғап қуыршақ мысық балалармен қоштасып перденін сол жағыннан түсіп кетеді)

Мен сендерді балалар шығарып салып, Аяз атамды тауып сендерден сәлем айта баратын уақытта келді. Сау болындар!

 

 

 

 

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 31.12.2021 08:59
Құрылған күні: 31.12.2021 08:59

Текст