"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ойын арқылы баланың тілін дамыту" шебе- сынып, дефектолог Тасимова Н.К.

14.01.2025

                                               «Ойын – бала үшін ойын емес,
                                                                     шындық»      К. Д. Ушинский

Тақырыбы: «Ойын арқылы баланың тілін дамыту»

Міндеттері:

-  ойын, түсінігін ашу;

-   мектепке дейінгі жаста  ойын әрекетінің маңызын көрсету;

-   ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеу, тілін дамыту;

-   ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет ретінде зерттеу;

-   қызығушылығын қалыптастырып, дамыту.

1. Балалар  үшін:

Ақыл-ойы, тілі дамиды, оқуға қызығушылығы, белсенділігі, шығармашылығы артады, тұлғалық қасиеттері қалыптастырады.

2. Тәрбиеші  үшін:

Ойын түрінде білім беру жалықтырмайды, баланың білімінің сапасын арттыруда, іс - әрекетті қызықты өткізуге, тәрбиеші үшін тиімді.

3. Ата-ана үшін:

Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелейді.

«Түрлі-түсті сиқырлы доптар» ойыны.

 

Шарты: Төрт қатарда араласқан түрлі-түсті доптарда суреттер көрсетілген, сол доптарды түстерге байланысты  жылдамдықпен ретімен орналастырып шығу керек.  Суреттерді бір сөзбен ата және ерекшеліктері жайлы айтып шық.

«Құпия сөз» ойыны.

 

Шарты:  «Балабақша» сөзіне қатысты стакандағы суреттерді, жіптің көмегімен бір -біріне орналастыру.

«Ойла да, тап!» ойыны

 

Шарты: Үлгіде көрсетілген суреттерге тез қарап, дәл сол суреттей орналастыру. Суреттердің мағынасын айту.

Қорыта келе балаларға ойын әдісін қолдану қызықты да, нәтижелі. Ойындардың нәтижесінде көптеген балалардың сөйлеу тілі, дауыс ырғағын келтіруге, дыбыстарды дұрыс айтуға,өзін еркін ұстауға дамиды.  Мектеп жасына дейінгі ерте жастағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап анықтап әрі байытып отыру басты міндет болып саналады.Осы ойындарды өткізу барысында балалардың тілдері біршама дамып, сөздік қорлары кеңейеді.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст