"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын күз» мерекесі, тәрбиеші Кусаинова Н.Д.

24.04.2023

Тақырыбы: «Алтын күз» мерекесі.

Кейіпкерлер: Күз ханшайымы, бағбаншы ата, батыр жігіт.

Жүргізуші:

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
 Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

 Көбейді құт-береке                                                                          

 Астық толы қоймамыз.                

Құтты болсын мереке ,     

 Республика күнін тойлаймыз!

Армысыздар  құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар, балабақша ұжымы! Күз мерекесімен қатар келген Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осындай қос мерекемізге өз өнерлерін сіздерге дайындап, өлең-шумақтарын жаттап келген «Балапан» ортаңғы тобының әнші де биші, өнерлі балаларын қарсы алыңыздар!!!!

(патриоттық музыка әуенімен балалар келеді)

Жүргізуші: балалар, айтыңдаршы қазір қандай мезгіл? Жапырақтардың түсі күзде қандай болады?

Жүргізуші:

Жел тұрады жалықпайды

Күн жылытып жарытпайды,

Жапырықтар жерге қарай

Қалықтайды, қалықтайды

Қыздарымыздың «Жапырақтар» биін тамашалаңыздар.                                    

 Би: «Жапырақтар» (Айша, Тасмина, Азиза, Каусар, Амелия, Айсезім)

Жүргізуші:балалар, бізге қонақ келе жатқан сияқты, қане, қонақты қарсы алайық! (музыка әуенімен күз ханшайымы келеді)

Күз   ханшайымы:

Жомарт көңіл жарқын күз.  

 Сары алтынға малынған,    

 Мен Күз ханшайымымын,     

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, ханшайым! Сізге арнап балалар тақпақтар жаттаған, қабыл алыңыз!

Тақпақтар: Айсезім, Қарлағаш, Айназым.

Күз ханшайымы: мен сендерге қызықты ойын әкелдім. Менің әдемі көйлегімнің жапырақтары түсіп қалды, сол жапырақтарды тағып, көйлегімді әсемдеп беріңдерші.

Ойынның аты: «Күз ханшайымының көйлегін жапырақтармен безендір» деп аталады.                                                                                                                

Шарты: жапырақтармен ханшайымның көйлегін әсемдеу керек.         

 Жүргізуші:   ханшайым, біздің балалар сізге арнап әдемі ән жаттады, қабыл алыңыз!                                                                                                                      

 Ән: «Кап, кап, тук,тук»                                                                        

Күз ханшайымы: керемет, әндерің қандай әдемі, құлаққа жағымды, рақмет! Олай болса, мен де құр келмедім, әсм әнімді сендерге тару етемін:                                        

Ханшайым: балалар, менің кететін уақытым болып қалыпты, сау болыңдар!

 Жүргізуші:сау болыңыз ханшайым! Балалар, қандай дыбыс естіліп тұр? Кім келе жатыр екен? (бағбаншы қонаққа келеді)

Жүргізуші: сәлеметсіз бе, бағбан ата, қош келдіңіз!                                                                                                                

Бағбаншы: армысыздар қадірлі қонақтар, патриот балалар! бүгінгі қос мерекеміз құтты болсын! аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын! Отанымыз көркея берсін! Ал, енді балақайлар, дала суып, көкөністеріміз бен жемістерімізді жинап алдым, белім ауырып жүрсе де қысқа дайындалып, бау-бақшамды жинастырып жатыр едім, еңбек құралдарымды шатастырып алдым. Сендер өте ақылды балалар деп естіп, осы еңбек құралдарымды реттеп, жинастырып берсеңдер жақсы болар еді.                                                                                                                                 

 Ойын: «Бағбаншының еңбек құралдарын тап»                                                              

 Бағбаншы: ой, рақмет балалар. Үйдегі әжелеріңе «Балапан» тобының балалары өте пысық әрі ақылды балалар екен деп мақтап баратын болдым!   

Жүргізуші: ата, балалардың тақпақтарын қабыл алыңыз!                                           

Тақпақтар:  Ислам, Каусар, Әмір.

Бағбаншы: керемет екен, ал, мен үйге қайтайын! Әжелерің мені жоғалтып жатқан шығар, сау болыңдар!!!

Жүргізуші: құрметті қонақтар, қыздарымыздың тостаған биін қабыл алыңыздар! Би: «Тостаған»  (Қарлығаш, Айназым, Аяжан, Сезім, Медина)

Жүргізуші: балалар, аттың келе жатқан дыбысы естіледі, кім болды екен?

Жүргізуші: қош келдіңіз, батыр жігіт. Біздің мерекемізге төрлетіңіз!                              

Батыр: ауыл-ауылдарды аралап, мықты, ақылды балаларды іздеп жүрмін, міне, сіздерге де келіп қалдым.                                                                                   

Жүргізуші: өте дұрыс, бізде ондай батыр балаларымыз бар. Ең алдымен, өлең шумақтарын қабыл алыңыз, содан кейін батыр ұлдарымыздың өнерін көретін боласыз.                                                                                                                      

Тақпақтар: Сезім, Айша.       

Батыр: олай болса,  ұлдарымыздың өнерін тамашалайын. Ойын ойнауға дайынсыңдар ма?    

Ойын: «Кім мерген?» «Күш сынасу»     

Батыр: керемет, өркендерің өссін!!! Ал, ендеше батыр жігіттерімізді биге шақырамын.        

 Би: «Серілер»

Жүргізуші: Осымен, «Балапан» тобының сіздерге арнаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Әр отбасына құт-береке, тыныштық тілейміз! Отанымыз аман, көк туымыз желбірей берсін!!!

Сау болыңыздар!

  • DSC_0085.JPG
  • DSC_0085.JPG
  • DSC_0085.JPG


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.04.2023 17:31
Құрылған күні: 24.04.2023 17:34

Текст