30.04.2026
Сенсорика ҰІӘ. Кіші топ. Тәрбиеші Канапиянова Қ.И.
Тақырыбы: «Түстер мен пішіндер еліне саяхат»
Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді ажырата білуге: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың таным, коммуникативтік-ақпараттық құзіреттілігін молайтып, сенсорлық және ойлау қабілетін дамыту. Қызығушылықтарын арттырып, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: пішіндер, үлестірмелі карточкалар
Барысы:
Проблемалық жағдай орнату. Балалар музыка залына кіреді
Тәрбиеші:
-Балалар құлақтарымызбен тыңдап көрейікші.
-Ненің дыбысы?-Бұл паровоздың дыбысы екен. Жүріндер, балалар ! Мен паровоз боламын, ал сендер вагондар боласындар. Сендер бүгін түстер мен пішіндер әлеміндегі тапсырмаларды орындауларын керек. Менімен бірге орындайсындар ма? Олай болса, кеттік жолға шығайық, паровозға мінейік. Бір-біріміздің артымыздан белімізді ұстап аялдамаларға барамыз. (музыка әуенімен жүреді)
Кетіп бара жатырмыз паровозбен алысқа,
Паровоз, паровоз
Бізді ойныңызға қос,
Тоқта! Қол шапалақтау аялдамасы
Тәрбиеші:
- Балалар, үстел үстінде түрлі-түсті асықтар тұр екен, сол асықтардың жарты бөлігі жоқ екен, соларды тауып жартысын табайық. Түсі қандай?
Дидактикалық ойын: «Жартысын тап»
Мақсаты: Түсті танып ажыратуға үйрету, жылдамдықтарын дамыту, ұлттық құндылыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: түрлі түсті асықтар суреті оның жартысын табу керек. Түсі қандай екенін айту.
Тәрбиеші:Балалар жарайсыңдар паровозға мінелік.
Кетіп бара жатырмыз паровозбен алысқа,
Паровоз, паровоз
Бізді ойныңызға қос,
Тоқта! Аяқпен топылдату аялдамасы
Дидактикалық ойын «Үйшік аялдамасы».
Ойын шарты: «Үйдің терезелерін саламыз» балаларға геометриялық пішінді манка ішінен іздеп, үйдің терезелін түсіне сәйкес пішінді дұрыс орнына қою керек.(музыкамен)
Тәрбиеші: Саяхатымызды жалғастырайық!
Кетіп бара жатырмыз паровозбен алысқа,
Паровоз, паровоз
Бізді ойныңызға қос,
Тоқта! Секіру аялдамасы.
Кетіп бара жатырмыз паровозбен алысқа,
Паровоз, паровоз
Бізді ойныңызға қос,
Тоқта! билеу аялдамасы
Тәрбиеші: Балалар, сендерге саяхат қызықты болдыма? Қандай ойындар ойнадық?
Балалар:
-Асықтың түсіне сәйкес жартысын таптық: түстері қызыл, сары, жасыл, көк. -Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек пішіндерді үйдің терезесіне дұрыс қойдыңдар. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте ақылды, тәртіпті балаларсыңдар. Қолымызды ұстап, тобымызға барайық.