Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының«Болашақ»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное  коммунальное  казенное предприятие «Ясли-сад «Болашақ»  города Ерейментау при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области  

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сенсорика ҰІӘ. Тақырыбы: «Орман жануарлары қонақта». Тәрбиеші Утепова Ж.М.

29.04.2026

Сенсорика ҰІӘ, кіші топ. Тақырыбы: «Орман жануарлары қонақта»

Мақсаты: пішін, түс, көлем арқылы сенсорлық дағдыларын дамыту, балалардың ұсақ моторикасын дамыту. Театрландырылған іс-әрекет арқылы қарым-қатынас және ойын дағдыларын қалыптастыру. Кейіпкерлерге көмектесуге деген ықыласын тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: ширма, қоян, аю, түлкі-қол қуыршақтары,

Әдіс-тәсілдер: театрландыру, ойын

Барысы: Балалар музыка әуенімен топқа кіреді, балалардың назарын ширмаға аударту.

Ширмадан қоян шығады:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен орманда секіріп жүріп, түстер мен пішіндерді жоғалтып алдым. Маған көмектесіңдерші, менің түрлі түсті пішіндерімді тауып беріңдерші.

Тәрбиеші: Балалар, қоянға көмектесеміз бе? (Иә) Қоянжан, сен мұңайма, біздің балалар саған көмектеседі. Балалар, орындарымызға отырып, жайғасайық.

1-тапсырма: «Адасқан пішіндер»

Шарты: пішіндерді түстеріне сәйкес орналастыру

Қоян: Қандай керемет, балалар! Сендер менің пішіндерімді тауып бердіңдер. Рақмет!

Ширмадан аю шығады: Балалар, мен бір қобдиша тауып алдым. Ішінде не бар екен?

Тәрбиеші: Қане, аюжан, біз де көрейік (қобдишаны  ашу, қобдиша ашылғанда ішінен музыка ойналады)

Сергіту сәті

Тәрбиеші балалардың назарын тағы да ширмаға аударады, ширманың арғы жағынан түлкінің жылаған дауысы  естіледі:

Тәрбиеші: Түлкі, амансың ба? Саған не болды? Неге жылап отырсың?

Түлкі: мен күні бойы жинаған жапырақтарымды абайсызда шашып алдым. Енді оларды қайта жинау үшін көп уақыт кетеді.

Тәрбиеші: балалар, түлкіге де көмектесейік, шашылған жапырақтарын жинап берейік.

2-тапсырма: «Үлкен-кіші жапырақтар»

Шарты: шашылып жатқан жапырақтарды көлеміне қарай себетке салу.

Кейіпкерлер шығып, балаларға алғыс ретінде, өздерінен естелік ретінде жұлдызшалар береді.

Қорытынды:

-Балалар, бізге қандай аңдар  келді?

-Қоян, аю, түлкі.

-Біз не істедік? (балалардың жауаптары)



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст