Ұйымдастырылған іс-әрекет: Қоршамен ортамен таныстыру, мүсіндеу, сенсорика
«Шұбар тауыққа көмек»
Мақсаты: : Үй құстары, түстер туралы түсініктерін қалыптастыру, ажыратуға және атауға үйрету. Сөздік қорын, қол моторикаларын дамыту. Қамқорлық жасау, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құралдар: ермексаз, жұмыртқа муляждары, қауырсындар, киндер ойыншықтары,
Сөздік жұмыс: Тауық, әтеш,қаз, балапан,жұмыртқа.
Әрекеттердің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастырушылық, қызықтыру-шылық
|
Жел тұрды-у,у,у,у Жапырақ түсті- ш,ш,ш, Жаңбыр жауды-тук,тук,тук Күн күлімдеп шықты(Дауыс қатты,ақырын шығарып айту)
Слайд шоу:«Үй құстары» |
Балалар шеңберге тұрып қолдарын жоғары көтеріп у, ш, кап,кап дыбысын, кимылмен көрсетеді. |
Ұйымдасты-рушылық - ізденушілік
|
Аудиожазбадан шыққан дауыспен үйшіктен Шұбар тауық шығады. Қо,қо,қо Сәлеметсіздер ме балалар! Менің балапандарым араласып кетіпті маған көмек беріңдерші. Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Шұбар тауық, әрине көмектесеміз. Дойын: «Түрлі-түсті жұмыртқалар»
Жарайсыңдар! Рақмет. Шұбар тауық: қо,қо,қо балалар сендер жұмыртқаларды жинап бергенше қалған жұмыртқалар суға түсіп кетті. Ой,ой,ой қалай жинап алам? Тәрбиеші: Кәне, балалар көмек берейік. Тәжірибе жұмыс: «Су бетіндегі жұмыртқалар»
Тәрбиеші: Балалар балапандар суға түспеу үшін біз арнайы жол салып берейік. Мүсіндеу іс-әрекеті: «Арнайы жолдар»
Шұбар тауық: Жарайсыңдар! Балалар менің балапандарым енді арнайы жолмен жүретін болады. Шұбар тауық: балалар келіңдер менімен бірге ойын ойнайық. Қимылды ойын: «Мысық пен балапандар» Қо, қо, қо Бері қарай ұшыңдар Жасыл шөпке жайылып Тамақ іздеп табайық Жақын маңда мысық бар! Қолға түсіп қалмайық.
Балапандарым сендермен ойын ойнаймын деп менің қауырсындарым суланып қалыпты. Тәрбиеші: Кәне, балалар Шұбар тауықтың қауырсынына үрлейік. Дем алу жаттығу «Қауырсындарды үрлеу»
Шұбар тауық: Қо,қо,қо мен қауырсындарым кеуіп қалды.(қанаттарын жайып, қолдарын қағады.) Тәрбиеші: балалар Шұбар тауыққа дәндерін жинап берейік. « Араласқан бұршақтар»-
|
Шұбар тауық амандасып көмек сұрайды.
Түстеріне қарай жинап береді (қызыл, жасыл, көк, сары)
Сары түсті киндер жұмыртқаларын ағаш қасық арқылы жинап береді.
Жолақша бетіне ермексаз арқылы дөңгелек пішіндер бастыру тәсілімен орналастырады.
Қызығушылықпен ойнайды.
Орындайды.
Бұршақтарды екі тарелкаға қол моторикасы арқылы салу әдісімен орындайды. |
Рефлекстік- түзету. |
|
Балалардың жауаптары |