Денсаулық күні
Тақырыбы: «Спорт өмір көркі».
Мақсат: балаларға жағымды көңіл-күй сыйлау спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, қимыл белсенділіктерін арттыру, денсаулықтарын нағайту.
Құрал-жабдықтар: жасыл, сары доптар, пайдалы зиянды тағамдар, самокат, фитбол доптары, фокус құралдары, клоундар Алақай, Малақай, қонжық Балақай.
Ойын сауық барысы: балаларды таңертең клоундар Малақай мен Алақай қарсы алады.
Малақай: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін балабақшада денсаулық күнің атап өтеміз.
Шыңықсан шымыр боласын,
Спорттық серік ете біл.
Жақсы азамат боласын,
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға,
Болмасанда ұқсап бақ.
Жарысқа түсіп қалайда
Балалар, сендер менің досым Алақайды көрмедіңдер ме? Бүгін ол да осы мерекені бірге өткіземіз деген. Аууу, досым қайдасын? Мүмкін сендердің арттарыңда жасырынып қалған шығар.
Алақай: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін осы балабақшада денсаулық күні өтетінін естіп асығып жеттім. Мен де денім сау мықты болғым келеді. Қарап тұрсам нағыз мықты, көңілді балалар жиналыпты ғой.
Малақай: Иә, бүгін балалар ептіліктерін, шапшандықтарын, күштіліктерін тексеруге келді. Сеніде осы сайысқа қатысуға шақырамыз.
Бойымызды сергітіп
Би билеуге тұрайық,
Менімен бірге қайтала
Қимылыңнан жаңылыспа!
Би «Мені қайтала!»
Малақай: балалар бүгін біз қызықты квест ойының ойнауға шақырамын. Денсаулық кілтін іздеп табайық. «Денсаулық еліне» саяхат жасаймыз.
Алақай, біздің Балақай қонжық досымыз қайда екен? Ол әлі жеткен жоқ па?Қайда жүр екен?
Қонжық Балақай жылап кіреді.
Балақай: Сәлеметсіңдер ме балалар. Осында әзер жеттім. Сәлем Малақай, сәлем Алақай.
Алақай: Саған не болды , Балақай?
Балақай:Тісім ауырды, одан кейін ішім ауырды, енді аяғым ауырып тұр.
Малақай: Сенің барлық жерің ауырып тұр ғой. Балалар қандай көмек көрсетеміз, не істесек екен?
(жауабы) Дәрі берейік, жедел жәрдем шақырайық, бал берейік, көңілін көтерейік, жаттығу жасайық.
Малақай: Иә, дұрыс айтасыңдар. Күн тәртібін сақтауды, спортпен шұғылдануды, шынығуды үйретейік.
1. «Шыңығу бекеті»
Біз немен шыңығамыз кім біледі?
Күн, су, таза ауа біздің нағыз досымыз!
Бізге шыңығу не үшін қажет?
(Балардың жауабы) Деніміз сау болу үшін шыңығу керек. Күннің көзі, таза ауада жүрмесек, суға шомылмасақ( жиі ауыра береміз).Сондықтан, су ауа, күн ванналарын қабылдауымыз қажет. Салқын сумен шайынуымыз керек.
«Күннің көзін бейнеле».
Керекті құралдарды пайдаланып, күнің көзін бейнелейді.
2. «Күн тәртібі бекеті»
Мына карточкалардан күн тәртібін құрастырындар.
3. «Тазалық бекеті»
Деніміз сау болу үшін жеке бас гигиенасын сақтауымыз қажет.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын шешіп көріндер.
1.Таңертең кешке тісімізді тазалайды.
Еүні бойы демалып, стақанда тұрып бізді сағынады. (тіс пастасы, щетка)
2. Жуынып болғанда,
Жүреді қолдарда.
Өзі сондай жұп-жұмсақ,
Құрғатады денені. (орамал)
3. Көзге тисе ашытады,
Денемізді тазартады.(Сабын)
Ойын: «Тазалық заттарын жинау»
Тазалық заттарын себетке жинастыру.
4. «Дәрумендер бекеті»
Малақай: қалай ойлайсындар тамақ ішу бізге денсаулықты нығайтады ма?
Сендердің алдарында пайдалы көкөкністер мен жемістер тұр. Сендер осы азықтан шырын мен дәруменді сорпа әзірлеңдер.
«Жасыл , сары дәрумендерді жина»(ортаңғы топтар)
Балалар екі топқа бөлініп тұрады. Жерде сары. жасыл түсті доптар шашылып жатады. Балала төмпешіктерден секіріп өтіп, бір дәруменді себетке салып орнына қайтып келіп екінші балаға себетті береді. Көп дәрумендер жинаған топ жеңіске жетеді.
Ойын: «Шырын мен дәруменді сорпа»(ересек топтар)
Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топ шырын, екінші топ дәруменді сорпаға қажетті көкөкністерді жинап дайындайды.
Алақай: достар сендер өзара аралас бекетке тап болдыңдар. Дене тәрбиесімен спорт денсаулықтыңнағыз көмекшілері. Денніміз сау әдемі болып өсуіміз үшін көп дәрумендер жеуіміз керек.
5. «Дене тәрбиесі бекеті»
Ойын: «Қолға түсіп қалма»
Балалардың шапшандақпен ептіліктерін шыңдау.Балалар бір шеттен екінші шетке матаны желпігенде астынан шапшаң жүгіріп өтулері керек. Өткен балалар тосып тұрады. Ойын қайта жалғасады.
Алақай сиқыр көрсетеді.
«Ауадағы қалқыған стақан»
«Шабандоздар» фитболмен секіріп жарысу.
Малақай: «Денсаулық еліне» жеттік, денсаулық кілтін іздеп таптық.
Бұл күн тәртібі,қызықты қозғалыс ойындары, көтерінкі көңіл күй, таза ауа, жарқыраған күн біздің достығымыз! Жарайсыңдар балалар! Сау болыңдар.
Күннің екінші жартысы
Самокатпен жарыс- ересек, даярлық топтары.