«Сұңқар» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: қатынас
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Қыс ерекшеліктері»
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Табиғат құбылыстары: күн, қар, жел, боран туралы түсінік беру. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, қысқы ойындарды атауға, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.Тілдегі дыбыстарды дұрыс айта білуін және зейін қойып тыңдауын жетілдіру. Сөздік қорларын ойындар арқылы дамыту. Суреттерді, бейнелерді қарастыруда байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, АКҚ.
Көрнекілігі: қыс мезгілінің көрінісі бейне таспа, аққала үлестірмелі құралдар, дидактикалық ойындар, видео ролик, проектор, экран.
«Әнұран»
Сабақтың барысы (экранда қыстың бейнесі тұрады)
Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Балалар, қыс мезгілі
-Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Бүгінгі оқу қызметіміз, сөйлеуді дамыту, тақырыбы: «Қыс ерекшеліктері, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.
-Тәрбиеші: Қане ең алдымен тілімізге жаттығу жасап алайық
Ыс-ыс-ыс далаға келді қыс
Ар-ар-ар жерге түсті қар
На-на-на біз тебеміз шана
Ла-ла-ла қардан соқтық аққала
-Тәрбиеші: балақайлар сендер қыс мезгілінде болатын мерекелерді білесіңдер ме?
-Балалар: Ия, білеміз ол Тәуелсіздік мерекесі, же жаңа жыл мерекесі
-Тәрбиеші:балалар бір дыбыс естілетін сияқты, (қардың дыбысы)
Тосын сәт: Топқа «Аққала келеді»
-Аққала: сәлеметсіңдер ме! Қалдарың қалай? Мені таныдыңдар ма?
-Балалар: Ия таныдық, сен Аққаласың
-Аққала: Жарайсыңдар! Мен неден жасалғанымды сендер білесіңдер ме?
-Балалар: Ия, сен қардан жасалғансың
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Аққала, қош келдің, қайдан жүрсің?
-Аққала: Мен мына терезеден сендердің әнұран айтып жатқандарыңызды естіп және мен балаларға қыс мезгілінің керемет ерекшеліктерін айтып берейін деп келдім
-Тәрбиеші: міне сәйкестік, бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы да, қыстың ерекшеліктері туралы
Аққала: керемет! олай болса мен сіздерді Қыс мезгілінің керемет ерекшеліктерімен таныстырып, және сендерге арналған тапсырмаларым мен ойындарым бар, қане бірге тапсырмаларды орындап ,ойын ойнайсыңдар ма?
-Балалар Иә, орындаймыз
Аққала: Ендеше мын видеоға назар аударыңдар,
(қыстың ерекшелігі туралы мәлімет)
- Тәрбиеші: Аққала, қыстың ерекшелігі туралы мәлімет бергеніңе рақмет, балалар енді мына суретке назар аударайықшы (слайд)
–Тәрбиеші: бұл суретте, балалар қысқы ойындар ойнап жатыр, олар шанамен сырғанап, мұз бетінде конки теуіп,шанғымен жоғарыдан төменге қарай сырғанап ойнап жүр,же қар атысып, аққала құрастырып жатыр,
Ал мына суретте Айдар Айымды шанаға салып, ойнатып жүр
қане енді алдымыздағы суретке қарап ,шағын әңгіме құрастырайық
Ойын: «Әңгіме құрастыр»
-Аққала: Керемет, жарайсыңдар!
-Аққала: балақайлар сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?
Балалар,ия жақсы көреміз
-Аққала, ендеше мына видеоға назар аударыңдар!
Жұмбақтар: Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тонады (қар)
Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады (аяз)
Тәрбиеші: Аққала рақмет саған, біз балалармен қыстың керемет ерекшеліктерін білдік,
Тәрбиеші:Қане балалар бойымызды бір сергітіп алайық
-Аққала: (балаларды ортаға шақырады)
балалар мына тыптың іші жылы екен, мен еріп барамын
-Тәрбиеші: Аққала біз нестей аламыз?
-Аққала: маған үрлесеңдер, мен қайтадан орныма келемін
-Тәрбиеші: балалар қане барлығымыз бірге үрлейікші
Балалар: Уффф Сергіту (музыка әуенімен)
Тәрбиеші: енді үстел үстіндегі тапсырманы орындайық
Ойын : «Аққаланы құрастыру»
Тәрбиеші: Балалар, мына аққала неден жасалған?
Балалар: қардан жасалған
Тәрбиеші: мұрны, қолы неден жасалған?
Балалар: мұрны сәбізден, қолы ағаштан, баскимі шелектен жасалған
Тәрбиеші: жарайсыңдар! ендігі ойынымыз «Артығын тап» деп аталады
Ойын: «Артығын тап»
-Тәрбиеші: Балалар сендер қандай қысқы ойын білесіңдер?
-Балалар: далада шаңғы тебу,сырғанақ,шанамен ойнау, қардан аққала тұрғызу, қар атыспақ.
-Аққала: Жарайсыңдар балалар, қандай ақылдысыңдар! Мен енді далама барайын, әтпесе мына топта тұрып еріп кетермін,менің сендерге кішкене ғана сыйлығым бар (балаларға арналған тәттілер)
Тәрбиеші:Аққала сағанда рақмет сау бол,
Рефлексия-қорыту
1.Балалар қыстың қандай ерекшеліктері болады екен?
2.қыста қандай ойындар болады екен?
3.Бізге кім қонаққа келді?
4.Қандай тапсырма қызықты болды?, қандай тапсырма қиын болды?
Тәрбиеші: Қане енді балалар, бүгінгі оқу қызметінен алған әсерімізді, мына қар арқылы білдірейік, алдымызда екі қарандаш жатыр, біреуі көк түсті, біреуі жасыл түсті, (балалардан сұрап өту, қайсысы көк,қайсысы жасыл) көк түсімен қаршықты бояу, ол бүгінгі оқу қызметі қызықты болды, ал жасыл түсі мен бояу ол кішкене қиындау болды, бояған қарларыңды мына жерге әкеліп жапсырыңдар (мальбердте скочь тұрады)
Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!
Тәрбиеші: Дюсекеева М.М