"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Африкаға саяхат». Дене шынықтырудан қорытынды ҰІӘ, мектепалды тобы. Сыздыкова Л.А.

17.10.2023

Тақырыбы: «Африкаға саяхат»

 Мақсаты:

Балалардың қиялын дамыту;
Африка әлеміндегі жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастырып, молайту;
Дене шынықтыру іс – әрекетіне қызығушылықтарын қалыптастыру;
Ептілік, төзімділіктерін дамыту;
Музыка әуенімен жаттығуларды үйлесімді орындауға үйрету;
Йога жаттығулары арқылы баланың денсаулығын нығайтуға тәрбиелеу.

Құралдар: ИКТ: Презентация «Джунглидағы маймыл Йога мен кездесу», музыкамен сүйемелдеу «Тік ұшақ дауысы», «Чунга - Чанга».

Ұйымдастырылған іс – әрекеті:

Балалар сап тізбекте сап түзейді.

Нұсқаушы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Біз бүгін Африка еліне ұшамыз. Бұл елде жыл бойы жаз, жылы , күн жарқырап тұрады. Табиғаты өте ерекше, адам аяғы баспаған қалың орман жайлаған джунгли деп аталады.

Джунглиде бізді көптеген оқиғалар күтіп тұр, бір неше орман тұрғындарымен кездесуіміз мүмкін. Джунглидегі қандай аңдарды білесіндер, жалпы барлығын қалай атаймыз?

Жыртқыш аңдардың қолына түсіп қалмау үшін  батылдықтарыңды, ептілік, күштілік, тез шешім қабылдап кедергілерді жеңіп өтуге тырысыңдар.

Ендеше тік ұшаққа отырайық. (Тік ұшақ дыбысы шығады, балалар қолдарын жайып ұшады).

Керік
Маймақ аю.
Тырна.
Бақа
Жолақат (жүгіру)
Жылан
Қосаяқтар шашырап.
Марш екпінімен жүру, дем алу шығару.

Екіге бөлініп тұру.

«Джунглидегі маймылдар» ертегісін тыңдауға шақырамын.

Ерте- ерте-  ертеде Йога атты бір кішкентай маймыл болыпты, ол күнде таңертен тұрып джунгли жұпарымен тыныстап қимылсыз отырғанды ұнатады екен.

Қане бәріміз қолымызды ішімізге қойып, Йога секілді демалайық. Демімізді ішімізге алғанда ішіміз дөнгеленеді, ал сыртқа шығарғанда өз қалпына келеді. Қане бір неше рет қайталайық, дем аламыз, сыртқа ауаны шығарамыз.

Одан кейін Йога тұрып қолын жоғары көтерді, өйткені ол қолын ең биік ағаш бұтағына жеткізгісі келді.

Кейде Йога заттарды астынан үстіне қарағанды ұнатады. Ол үшін біз аяқты бір бірінен алшақ қоямыз алға қарай еңкейіп аяғымыздың арасынан қараймыз.

Йога екі қолын созып біреуге құшағын ашқандай болды, бұл қалыпта йога өзін жұлдыз болып елестетті.

Енді жұлдыз еңкейгенін көрсетейік. Алға еңкейіп сол қолымызды оң аяғымыздың жанына жерге тигіземіз және керісінше оң қолымызды сол жақ жерге тигіземіз. Тағыда құшағымызды ашамыз, жаттығуды қайталаймыз.

Йоға жан жағына қарап Фламинго досын таба алмады. Фламинго болу ұшін бір аяғымыздын табанын екінші аяғымыздың тізе тұсына тірейміз, осы жаттығу тепе- тендікті сақтауға үйретеді және арқамызды тік ұстап қолымыз біздің қанатымыз, жайлап артқа жібереміз енді керісінше екінші аяғымызбен қайталаймыз. Керемет, нағыз фламинго болдыңдар.

Бір уақытта Йоганаң үстінен жырқыш құс ұшып өтті. Одан сақтану үшін Йога алға қарай еңкейіп қалды. Канге , бізде жыртқыш құстан қорғанайық. Ол үшін бір аяғымызды артқа жіберіп тіземізді бүгеміз, екі қолымызды тізеге қоямыз. Солай Йоганы құс айналып бір неше рет ұшып өтті.

Йога құстан құтылдым деген де алдынан мысық шығады. Ол ұйқыдан оянып керіліп тұр екен. Кане біріміз мысықтарша созыламыз, аспанға қараймыз, арқамызды созамыз, басымызды түсіріп жерге қараймыз, арқамызды бүкірейтеміз, содан соң артқы аяқтарын кезекпен жоғары көтеріп созамыз.

Мысық керіліп созылып ұйқысын аша алмай біраз тұрды. Маймыл Мысықтың қимылдарын күліп қайталады.

Бір уақыттан соң бір өкірген дауыс естілді. Қараса арыстан екен. Бәріміз арыстан қалпын көрсетейік. Өкшеде отырып қолымызды алға қоямыз, ішімізді аяғымызға тигіземіз, содан кейін алға қарай ұмтылып аааааааааааа деп айқайлаймыз.

Арыстан айқайлап болған соң бәрін қорқыттым ба деп жан – жағына қарайды, қолымызды бүйірімізге қойып оңға солға бұрыламыз.

Йога арыстаннан қорықпауға өзін сабырлыққа шақырды. Отырып табанды табанға тіреп, қолды жоғары көтеріп алақанды беттестіру. Бәріміз  лотос гүлін көрсетейік.

Йога алға еңкеіп судың астына қарады.

Балықтар жүзіп жүр екен. Бәріміз балық болайық.

Су бетіне шығып Йога қайыққа отырды. Бәріміз қайық болайық. Аяғымызды алға созамыз, қолымызды тізеге тигізіп тепе- тендік сақтап шалқайып отырамыз.

Йога жағаға шығып дем алуға жатады. Бәріміз бірге дем алайық. Болған өқиғаларды еске түсіреді, көз алдына елестетеді. 

Әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз.

Негізгі айналмалы жаттығулар:

Көпір үстінен басына қапшық қойып жүру.
Қапшықты себетке көздеп лақтыру.
«Қақпан» құрсауды денесінен өткізіп түсіру.
«Қолтырауын» орындық үстінен тартылу.
«Маймылдар» мат үстінен баспен айналып түсу.
«Кенгуру» зат үстінен екі аяқпен секіріп өту.

Ойын: «Кім жылдам?»

Релаксация. «Бізге пойыз келді»

Шарты: пойыз ішіндегі жануарлардың даусын дыбыстау.

Рефлексия.

Біз қайда бардық? Не көрдік, не істедік? Не қиын болды? Не ұнады?

Үйге қайтатын уақыт болды. Тік ұшаққа мінейік, үйімізге қайтайық.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.10.2023 10:39
Құрылған күні: 17.10.2023 12:17

Текст