Тақырыбы: Ғажайып теңіз әлемі.
Мақсаты: Сырғанауды жүзудің негізгі элементі ретінде қалыптастыру, аяқты қимылдату арқылы кеудемен, арқамен жатып кроль тәсілін дамыту.Суда бір орнында тұрып демді алу- шығару, демді ұстап тұруға жаттықтыру. Су түбіндегі ойыншықты сүңгу арқылы алып шығуға үйрету.Балаларды ептілікке, шыдамдылыққа, достыққа, көмек көрсетуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкер: Бала.
Құралдар: Ойыншық бақа, 2 құрсау, кішкентай, орташа доптар.
Балалар әуіт ішіне кіреді.
Нұсқаушы: Сәлеметсіндер ме, балалар.Біз бүгін таңғажайып теңіз әлеміне барамыз. Ендеше көзімізді жұмамыз, таңғажайып теңіз әлеміне тап боламыз.
Құрбақаның дауысы естіледі. Куақ-куақ-куақ.
Нұсқаушы: Балалар, қараңдаршы құрбақада келді ғажайып теңіз әлеміне.
Құрбақа: Сәлем , балалар. Бірақ мен құрбақа емеспін, мен сендер сияқты адам баласымын. Зұлым сиқыршы мені сиқырлап бақаға айналдырды. Өз қалпыма келу үшін, су астындағы моншақты тауып алып, менің мойныма салсаңдар ,мен адам ға айналамын. Маған көмектесіндерші.
Нұсқаушы: Балалар, көмектесеміз бе? Сендер жүзіп , су астына сүңги аласыңдар.Моншақты тауып берейік.
Балалар: Әрине , көмектесеміз.
Денені қыздыру.
ЖДЖ «Орташа доппен» аэробика элементімен.
1 . Б.қ. Допты жоғары көтеру, өң аяқты өң жаққа созу,б.қ . келу; т.с. сол жақ аяқты сол жаққа созу;
2. Б.қ. Доп жоғарыда, желкеге қойып сәл отыру, тұру, доп оңға созу, б.қ. т.с. доп солға созу;
3. Б.қ.Доп алда, оңға бұру; б.қ. доп алда, солға бұру;
4. Б.қ. Қол жан жақта, доп оң қолда, өзін құшақтау, б.қ. т.с.
5. Допты тұтқаға қою. Тұтқадан ұстап, жатып «Фонтан» жаттығуын жасау.
Негізгі жаттығулар.
1. Кеудемен, арқамен жатып кроль тәсілімен аяқты қозғалта сырғу.
2.Суда бір орнында тұрып демді алу, шығару, ұстап тұруға жаттықтыру.
3.Су түбіндегі ойышықты сүңгу арқылы алып шығу.
Балалар су астындағы ойыншықтарды және моншақты алып шығады. Моншақты бақаның мойнына кигізеді. Сол кезде сиқыр басталады, дауыл соғады, балалар суға тығылады.
Нұсқаушы: Балалар, Зұлым сиқыршы сиқырлаған бақа адам кейпіне оралды.
Бала: Рахмет, балалар! Сендерге ризамын, сендердің арқаларында өз кейпіме оралдым. Бойларыңда достық, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерің мол екен. Жарайсыңдар, үлкен рахмет сіздерге.
Ойын: «Кім жылдам?»
Ойынның шарты: Балалар тең екі командаға бөлінеді. Себетте жатқан кішкентай доптарды, бір бірден, әр түрлі бағытта ( кроль арқамен, кеудемен, «жебе») 5 м қашықтықта жатқан құрсаудын ішіне жүзіп жеткізу.Қай командада доп көп , сол көманда жеңімпаз атанады.
Релаксация «Жұлдызшалар»
Қорытынды.
Балалар, біз қайда бардық? Ғажайып теңізде саяхат ұнадыма? Қандай жаттығулар ұнады?Бақаны құтқару үшін теңіздін астынан нені алып шықтық? Жасаған көмектеріне қанағаттанасыздарма?