Тақырыбы: «Ананың балаға деген махаббаты»
Тренинг: «Орныңды ауыстыр» психолог Идрисова Қ.Ғ
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Осындай көтерінкі көңіл-күймен жиналсымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ата-анамен балабақша арасындағы сабақтастықты пайдалана отырып , ананың балаға деген махаббаты атты видиоролигімізге назар аударыңыздар. Видео-ролик: «Ана мен бала» Бабатаева Ж. Ал, енді құрметті ата-аналар, сіздерге дайындаған бірнеше сұрақтарға жауап беріп отырсаңыздар. Бейнетаспа арқылы ситуациялық сұрақтар бар,соларға жауап берулеріңізді сұраймыз. Сұрақ-жауап: Сағынтаева Х.Ж
Қорытынды: «Ананың балаға деген махаббаты» деген жиналысымызды қорытындылай келе, ағашқа жүрекшені жабыстыру арқылы, балаңызға қандай тәжірибе қолдана алатыныңызды бір сөзбен жазыңыз. Осымен, құрметті ата-аналар бүгінгі «Біз мектепке барамыз» ата-аналар клубына келгендеріңізге үлкен рақмет! Осындай жиналысқа қатымсып, өз көкейлеріңізде жүрген сұрақтармен, қойылған сұрақтарға жауап беріп отырсаңыздар, бізде қуанып қаламыз. Сіздерге рақмет, келесі кездескенше сау болыңыздар!