"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Матемеатика іс-әрекеті. Тақырыбы: «Автобус тұрағы». Уатхан Дана, ересек тобы.

23.05.2025

Тақырыбы: «Автобус тұрағы»

Мақсаты: Балалардың сан, тура, кері санау, геометриялық пішіндерді, денені ажырату, көру, есте сақтау, салыстыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Қиындықтан қорықпауға, көмекке келуге тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: көрсету, түсіндіру, ойын, саяхат.

Көрнекіліктер: пішіндердің суреттері, денелер, үлестірмелі материалдар, кішкентай автобус тайоның макеті.

Барысы:  

Телефонға біреу звондайды? Ало бұл “ Балдәурен” тобыма? Мен кішкентай автобус Тайомын. Маған сіздердің көмектерініз керек. Мен сиқырлы дөңгелектерімді жоғалтып алдым. Автобус тұрағында. Маған көмектесесіндерме? Бірақ ол жерде тапсырмалар бар соны дұрыс орындау керек.

Тәрбиеші: Балалар, біз кішкентай автобус Тайоға көмектесемізбе?

Балалар: Иә!

Тәрбиеші: Онда бүгін біз автобустар тұрағына кішкентай автобус Тайоға көмектесуге сиқырлы таяқтың көмегімен барайық. Ал шеңберге тұрайық, таяқты  бір қолымызбен ұстап, көзімізді жабайық сиқырлы сөздерді менің артымнан қайталандар. Сиқыр, сиқыр бізді автобус тұрағына алып бар.

Тәрбиеші: Міне, балалар, біз автобус тұрағынада келдік.

Мында тапсырмалар бар екен. Әр тапсырманы дұрыс орындаған сайын бір дөңгелекке ие боламыз. Автобусымызға көмектесеміз бе?

Балалар: Иә!

 1-тапсырма: «Жоғалған сандар»

Шарты:  Балалар мына сұлы арасынан өздеріне керек сандарды алып бос орындарға дұрыс қою.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Енді қараңдаршы осында бір дөңгелек бар, іздеп көрейік. Сұлы салынған ыдыстың ішінен 1-дөңгелек табылады.

2-тапсырма: «Кім жылдам»

Шарты: 4 баладан шеңберді айналып әуен ырғағымен қимыл жасау керек. Әуен тоқтаған кезде қандай пішінге тоқтайды соған ұқсас денені ортасынан алып тұра қалу.

Тәрбиеші: Балалар сендер шапшаң екенсіндер. Ал енді мында пішіндердің арасында екінші дөңгелек бар. Пішіндердің атауын айту арқылы  2 – дөңгелекті табайық.

3-тапсырма: «Кеңістікті бағдарлау»

Шарты:  Ақ қағазға апайдың нұсқауымен  суреттерді орналастыру.

Тәрбиеші: Балалар енді осы жерде 3-4 дөңгелектер бар іздеп көріңдерші. Үстелдің үстіндегі жіпті тарту арқылы 3 – 4 дөңгелектер шығады. Осы кезде кішкентай автобус Тайоны кездеседі.

Тайо: Сәлеметсіздерме! Балалар сендер тапсырмаларды өте тез, жылдам орындадыңдар. Маған көмектескендеріне рақмет!

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе кішкентай автобус  Тайо. Балалар сіздің дөңгелектерінізді тапсырмалар орындау арқылы тез тауып алды. Балалар кішкентай автобус Тайоның дөңгелектерін орынына орналастырындаршы.

 Тайо: Рақмет, балалар, көмектескендеріне.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер кішкентай автобус Тайоға өте жақсы көмектестіңдер. Қане, енді оны тұрағына шығарып салайық.

(Кіштентай автобус Тайомен балалар қоштасады)

Қорытынды:  Бүгінгі  біз кімге көмектестік?

Сендерге ойын оқу іс әрекеті ұнадыма?

Жарайсыңдар!

Рефлексия:

 Енді балалар, мұқият тыңдандар! Көк және жасыл автобус тақтада орналасқан. Егер қызықты , ешқандай қиындық туғызбаса онда көк шеңбер пішінді көк автобусқа, ал қызықсыз, қиындықтар болса жасыл түсті үшбұрышты жасыл автобусқа жапсырасыңдар.

 Сендер бүгін өте ақылды, шапшаң және ұйымшыл болдыңдар! Осылай бір – бірімізге көмектесіп жүрейік!



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст