Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының«Болашақ»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное  коммунальное  казенное предприятие «Ясли-сад «Болашақ»  города Ерейментау при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области  

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Аюға көмек» (кіріктірілген ҰІӘ), кіші топ. Тәрбиеші Дюсекеева М.М.

28.11.2025

Тақырыбы: «Аюға  көмек» (кіріктірілген ҰІӘ)

Мақсаты: Балалардың сенсорлық дағдыларын дамыту, сөздік қорын қарапайым сөздермен толықтыру, есту қабілеттерін дамыту. Үлкен-кіші заттарды салыстыру арқылы логикалық ойлауын жетілдіру. Қимыл- қозғалыс белсенділігін арттыру, жануарға көмек көрсету арқылы мейірімділікке тәрбиелеу.

Барысы: (Балалармен пойызға мініп сиқырлы орманға келу)

Топ күзгі орман болып безендірілген, қол театры ( көмектесіңіздерші ) деген дыбыс шығады

Тәрбиеші:

-Балалар,  сендер мына дауысты естіп тұрсыңдар ма?

Балалар: Ия!

(театр артында аю жүреді, көңіл-күйі жоқ)

Тәрбиеші

-Сәлеметсің бе, аю! Саған не болды?

-Мен достарымнан адасып кеттім, достарымды тауып беріңіздерші?

-Әрине! Көмектесеміз бе балалар?

-Олай болса балалар, барлығымыз аюдың достарын іздейік.

Тәрбиеші:

-Ол үшін тапсырмалар орындайық.

(үстел үсті тапсырмаларға балалардың назарын аудартады)

Бірінші тапсырма:

«Үрлеу»

Шарты: Үрлейтін түтікше арқылы, файл ішіндегі жапырақтарды қозғап, жануарларды  тауып  айтады.

Екінші тапсырма:

«Қорегін тап»

Шарты: бассейн ішіннен әртүрлі жануарлардың қорегін тауып, орналастырады.

Сергіту сәті:

«Аюды құрастыр»

Шарты: Балалар түрлі геометриялық пішіндерден аюдың бейнесін құрастырады

Үшінші тапсырма:

«Бір, көп»

Шарты: Үлкен және кіші себеттерге әртүрлі пішіндегі алманы салады,  қай себеттегі алма көп, қай себеттегі алма  біреу екенін  атайды

Аю:

-Балалар, сендерге үлкен рақмет! Достарымды тауып бердіңдер, алманы себетімді жинап бердіңдер!

Рефлексия:

-Балалар, сендермен қайда келдік?

-Қандай тапсырма орындадық?

Тәрбиеші:

-Балалар, бүгінгі саяхат сендерге ұнадыма? Ұнаса мына смайликтерді тақтаға жапсырыңдар.

( смайлик балаларға ұсынылады)

-Жарайсыңдар! Енді пойызымызбен балабақшамызға қайтайық!

-Аю. сау бол!

(балалар аюмен қоштасады)

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст