"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Денсаулық күні. Сыздыкова Л.А.

25.12.2020

Тақырыбы: Денсаулық күні.

Мақсаты: СӨС ұстану.

Міндеттері: Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін нығайту. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. СӨС насихаттау.

Қасқыр: Сәлеметсіңдерме балалар. Бүгін бізде мереке - денсаулық күні. Денсаулық басты байлық. Балалар, деніміз сау болу үшін, үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денеміз шыңықтырып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтау керек.Балалар денсаулық туралы қандай мақал- мәтел білесіңдер?

  1. Денсаулық- зор байлық.
  2. Дені саудың- жаны сау.
  3. Тазалық- денсаулық кепілі.
  4. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

Қоян: Дұрыс айтасыңдар.  

Бүгін мереке, маңызды күн!

Қарсы алайық бәріміз.

Денсаулық күні, сұлулық күні.

Қуанамыз бәріміз.

Бір дауыспен қайталайық баршамыз.

Денсаулық –зор байлық!

Қасқыр: Денсаулық күнін таңғы жаттығумен бастайық, денемізді қыздырайық!

Музыка әуенімен таңғы жаттығу.

Қоян:                  Теңіздер мен ормандардан тыс жерде

Үлкен керемет ел бар

Ол Денсаулық елі!

Ол елге барғыларың келеме? 

Балалар: Ия.

Қоян: Балалар, Денсаулық еліне аттанатын уақыт келді.

1аялдама. Аю қарсы алады.

Аю: Салем достарым. Денсаулық еліне қош келдіңдер. Қызықты ойындар, эстафеталар сендерді тосып тұр. Барлығымыз белсене қатысып, көңілімізді көтерейік.

1 эстафета. «Кегли арасынан өт, екі аяқпен секір»

2 аялдама.Түлкі қарсы алады.

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендер шымыр, епті достықтарың жарасқан балалар екенсіңдер. Дене шыңықтыруды жақсы көресіңдер ме? Ендеше мен сендерге қызықты эстафета дайындадым.

2 эстафета. «Тартыл, арқан үстінен қырындап жүр»

3аялдама. Тышқан.

Тышқан: Сәлем, достар. Спортты жақсы көретіндеріңді көріп тұрмын. Таңғы жаттығуды жақсы істейсіңдер екен. Сендерге қызықты жаттығу дайындадым. Қане, барлығымыз бірге жасайық.

3эстафета. «Төрттағандап жүр, құрсаудан өт»

4 арыстан. Арыстан.

Арыстан: Балалар, менің аялдамама қош келдіңдер. Мерекеге белсене қатысып жатырсыңдар. Мен сендерге ризамын. Менің достарыммен бірге шыңықтыңдар, әрқашан спортқа жақын жүріңдер.

4 эстафета «Еңбекте, қапшықты лақтыр»

Қасқыр: Қоян досым, денсаулық елі керемет. Балалар, бүгінгі мерекеден алған әсерімізді шапалақпен көрсетейік. Әрдайым шынығып, жақсы тамақтанып, бір- бірімізбен дос болайық.

Денсаулық күні флешмобпен аяқталады.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 25.12.2020 14:40
Құрылған күні: 25.12.2020 14:40

Текст