Тақырыбы: «Дольканың туған күні»
Мақсаты: В.В.Воскобовичтің ойындары арқылы балалардың танымдылық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, 7 көлеміндегі сандар туралы алған білімдерін нақтылау, ұжымда бірлесіп жұмыс атқаруға, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: В.В.Воскобович ойын технологиясы
Қажетті құралдар: геоконт, екі түсті шаршы, мөлдір шаршы, фонарик ойындары, пицца жасауға қажетті азық-түліктер
Барысы:
Балаларды 4 топқа бөлу.
-Балалар, бүгін біз сендермен Күлгін орманға саяхатқа баратын боламыз. Ол үшін алдымен көзімізге жаттығу жасап алайық (Сурет көрсету: қоян сары түсті жолмен үйшікке келе жатыр, ал аю жасыл түсті жолмен шыршаларды, түлкіні айналып келеді) Біз де міне, орманға тап болдық. Күлгін орманда бізді қарға Метр, Мишик аю және өрмекші Юг күтеді. Ал мынау-Долька (коврографқа әр кейіпкерді іліп отыру). Бүгін Долька оларды өзінің туған күніне шақырады. Енді біздің достар Дольканың туған күніне не сыйлаймыз деп ойланады.
Қарға Метр айтады: -Мен барлық қыздар нені жақсы көретінін білемін. Ол не деп ойлайсыңдар? Иә, дұрыс, ол тәтті кәмпит.
1-тапсырма-«Екі түсті шаршы» : екі түсті шаршыдан қызыл, жасыл түсті кәмпит жасау.
Ал Мишик болса:
-Мен қыздар ұнататын ойыншықтарды жасаймын дейді.
2-тапсырма «Мөлдір шаршы», «Фонарик» ойындарынан түрлі ойыншықтар дайындау.
Сергіту сәті -Балалар, енді біраз бойымызды сергітіп алайық. Ортаға алдымен екі команданы шақырамын.
-Бұл не? (шаршы) Бұнымен қандай ойын ойнаймыз? Қазір музыка ойнағанда айналып жүгіресіңдер, музыка тоқтағанда мен айтқан пішіндерді құрастырасыңдар (үлкен үшбұрыш, тіктөртбұрыш, үй, шаршы, конверт, ең кішкентай шаршы)
Өрмекші Юг: -Мен Долькаға қолшатыр сыйлаймын дейді.
3-тапсырма «Геоконттан» қолшатыр дайындау
Қызыл түсті резенкеден С 4; Ф 3; Б 4; К 3; О 4
Көк түсті резенкеден С 4; Г 2
Осы кезде аю Мишик Дольканың туған күніне пицца дайындауға ұсыныс береді.
4-тапсырма-пицца жасау: әр бөлікке 7 шұжықтан, 6 қызанақтан, 5 саңырауқұлақтан, 7 зәйтүн майынан, үстіне 4 ірімшік қосамыз. Пиццамыз дайын болды (азық-түлікті салыстыру)
Біздің Долькаға арнаған сыйлықтарымыз дайын болды. Енді достар барлығы туған күнге аттанады. Келе жатса алдарында 2 жол болады, біреуі қызыл, екіншісі көк.
-Қызыл жол-қызыл нүктеден жүреді: 2 торкөз оңға, 2 торкөз жоғары, 2 торкөз оңға, 2 торкөз төмен, 2 торкөз оңға.
Көк жол- көк нүктеден басталады: 1 торкөз оңға, 1 торкөз жоғары, 1 торкөз оңға, 1 торкөз төмен, 2 торкөз оңға.
-Қалай ойлайсыңдар, ең ұзын жол қайсы?
-Біздің кейіпкерлер қандай жолмен жүреді деп ойлайсыңдар? Неге?
Осылай біздің кейіпкерлер Дольканың туған күніне қысқа жолмен тез жетеді екен.
-Балалар, Дольканың сендерге де арнап дайындаған шағын сыйлығы бар екен. Оны табу үшін алдымен туған күннен алған әсерлеріңмен бөлісу керек. Ол үшін «Тик ток» әдісін қолданамыз, егер бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тапсырманы орындау қызықты әрі оңай болса, лайкты басамыз, ал егер қиналсаңдар пікір таңбасын таңдаймыз.
Тосын сәт «Көбелекті қорапшаны табу»