Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының«Болашақ»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное  коммунальное  казенное предприятие «Ясли-сад «Болашақ»  города Ерейментау при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области  

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Көкетайдың қызықты оқиғасы. ҰІӘ Тіл дамыту және қоршаған әлеммен таныстыру. Тәрбиеші Боранбай Ә.Ж.

28.04.2026

ҰІӘ Тіл дамыту және қоршаған әлеммен таныстыру.

Тақырыбы: Көкетайдың қызықты оқиғасы

Мақсаты: Балаларға бағдаршам жайлы түсінік беру, ойлау қабілеттерін арттыру, тілін дамыта отырып сөздік қорын байыту. Жолда жүру ережелерін қызыл,сары жасыл түстерді ажырата білуге үйрету. Жол қауіпсіздігін,өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Барысы:

Ерте, ерте, ертеде бір Көкетай деген мысық болыпты. Ол ауылдан қалаға келіпті. Көкетай мысықтын қызықты оқиғасын көп екен соның оқиғасын бірге тамашалайық.

Экраннан видео: Көкетайдың оқиғасы

Тәрбиеші: Балалар көкетай мысық не істеп қойды.

Балалар: Бағдаршамды сындырып алды. Бағдаршам болмаса жол ережесі бұзылады. Көліктер кептелісі көп болады. Адамдар жолдан өте алмай қалады.

Бағдаршам: Балалар сендердің маған көмектерін керек. Менің түстерімді көкетай мысық бұзып қойды, сол түстерімді келтіру үшін сендер біраз тапсырмаларды орындау керексіндер.

Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе?

Бағдаршамда неше түс болады?

Балалар: Көмектесеміз. Қызыл,сары.жасыл.

Тәрбиеші: Бағдаршамның бірінші түсі қандай?

Балалар: Қызыл түс

Тәрбиеші: Балалар ендеше бірінші қызыл түсті тапсырманы көрейк.

1-Тапсырма

«Жол ережесі»

Мақсаты: балаларға жолда жүру ережелерін үйрету, бағдаршам мен жол белгілерін таныту, қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру.

2-Тапсырма

Тәрбиеші: Бағдаршамның екінші түсі қандай түс.

Балалар: Сары түс

«Мақал мәтел және мнемакесте»

Мақсаты: Балаларға мақал –мәтелдердің мағнасын түсінуге, оларды дұрыс қолдануға үйрету. Тіл байлығын, ойлау және сөйлеу мәдениетің дамыту.

Тәрбиеші: Балалар бағдаршамның көнілің көтеру үшін боймызды бір сергітіп алайық.                                                                                                                                                      «Сергіту сәт»                                                                                                                                        

Әуенмен (бағдаршам)

Тәрбиеші: Бағдаршамның үшінші түсі қандай?

Балалар: Жасыл түс

3-тапсырма
«Қандай көлік түрлері бар?»

Мақсаты: Балаларға көлік түрлерін таныстыру, сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, көлік құралдарын дұрыс атауға және ажыратуға машықтандыру.

Қорытынды: Балалар бүгін біз сендермен қайда бардық.

Кімге көмектестік

Қандай тапсырмалар орындадық.

Көкетай мысық рақмет балалар  сендерге бағдаршамның түстерің тауып берген үшін.Енді жол ережесі бұзылмайды көліктер кептелісі көп болмайды,адамдар үйлеріне өз уақытында жетеді.Мен сендерге сыйлық беріп жібердім.Сау болындар балалар.

Рефлексия: 3 түсті жол (сары, қызыл, жасыл) жасыл түс-жақсы игердім, сары түс –орташа түсіндім, қызыл түс- түсінбедім.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст