Утепова Жанара Маратовна
Ақмола облысы, Ерейментау қаласы
«Болашақ» бөбекжайы МКҚК
Тәрбиеші, педагог-сарапшы
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Математика негіздері
Тақырыбы: «Ғарыш еліне саяхат»
Мақсаты: балалардың өз жас ерекшеліктеріне сай сан, санау, түстер, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау сияқты біліктілік дағдыларын жетілдіру, есеп шығару, өлшем бірліктерін (ұзын-қысқа) анықтап, ажырата білуге үйрету, елестету, ойлау арқылы қиялдарын, танымдылық қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке және өз жұмыстарын қорытындылап, бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс -тәсілдер: ойын, Воскобович технологиясының элементтері, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Көрнекі құралдар: сандар, коврограф жиыны,
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
-Балалар, сендер саяхатқа шығуды ұнатасыңдар ма? Бүгін біз сендермен ғарышқа ұшамыз. Ғарышқа ұшатын адамдарды кім дейді? Ендеше бүгін біз кішкентай ғарышкерлер боламыз. Аспан әлемінде керемет кілемше бар екен.Аты-коврограф.Сол сиқырлы коврографты көріп қайтамыз. -Қазір көзімізді жұмып, денемізді бос ұстаймыз (музыка ойналады, Ғарыш әлеміне тап болу) -Балалар, қараңдаршы. Қандай керемет! |
-Ғарышкерлер
Қызығушылықтары оянады.
Көздерін жұмып, қиялдайды. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
- Біз сендермен Меркурий планетасына тап болдық.Меркурий-Күнге өте жақын орналасқан екен. Бұл планетада «Геометриялық пішіндер» өмір сүреді. -Қараңдаршы, мына жерде бір жұлдыз жерге ағып түсіпті (алып қарау). -Балалар, бұл жұлдыздың тапсырмасы бар екен.Ол тапсырманы коврографта орындау керек. Орындап көреміз бе? Алдымен коврографтың жануарларын еске түсіріп алайық. 1-тапс: -4 торкөзді пайдаланып шаршы құрастыру; -6 торкөзді тіктөртбұрыш құрастыру; -3 торкөзден тұратын үшбұрыш құрастыру. Бұл пішіндердің барлығын коврографтың «Павлин» бөлігіне орналастыру. -Жарайсыңдар, балалар. Келесі біз Марс планетасына аттанамыз.Ол Жерден 2 есе кіші планетаның бірі. Марс планетасында кішкентай Гномдар мен піл Ляп-Ляп өмір сүреді.Бұл жерде де тапсырма бар екен (жұлдызды алып қарау) 2-тапс: «Ляп-Ляп қонаққа барады» (Пони бөлігіне орындау) Ш: гномдар Ляп-Ляпты қонаққа шақырды. Олар Ляп-Ляпқа жолды түсіндірді:оңға 2 торкөз, 1 торкөз төмен, 5 торкөз оңға, 1 торкөз жоғары, 3 торкөз оңға қарай жүр деді. Ляп-Ляп әр гномға 7 шар алды. Сол шарларды түстеріне байланысты гномдарға сыйлау.Шардың жіптерінің ұзындықтарын өлшеу. Әр өлшемді санмен көрсету. -Жарайсыңдар, балалар. Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Келесі Сатурн планетасына аттанамыз (Сатурн планетасында балаларды робот қарсы алады): -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біздің елде қайдан жүрсіңдер? Т: Сәлеметсіз бе. Біз Ғарыш әлемінде керемет коврограф кілемшесі бар деп естіп келдік. Сол кілемшемен біраз жұмыс істеп келе жатырмыз. Робот: Олай болса шаршаған шығарсыңдар. Менімен бірге бой жазып алыңдар. Сергіту сәті: «Роботтар» биі Т: -Жақсы болып қалды ғой. Ал біз енді ары қарай жолға шығайық (Роботпен қоштасу) -Балалар, келесі бізді Юпитер планетасы тосып тұр. Юпитер-ең үлкен ғаламшардың бірі. Юпитер планетасында ғажайып сандар өмір сүреді екен.Бұл жерде де тапсырма бар сияқты (жұлдызды алып қарау). 3-тапс: «Тұрғындарды орналастыр» (Лань бөлігіне) Ш: әр үйдің шатырына сандар жазылады. Сол санға сәйкес дөңгелектерді орналастырып, оң мен сол жақтағы дөңгелектерді салыстыру, тиісті таңбаны қою. -Саяхатты жалғастырамыз. Келесі планета-Жер планетасы. Жер-Күн жүйесінің үшінші планетасы. Бұл ғаламшарда өрмекші Чок-Чок өмір сүреді.-Балалар, мына жерде тағы бір тапсырма бар екен. 4-тапс: «Чок-Чоктың туған күні» Ш: бүгін өрмекші Чок-Чоктың туған күні. Міне, кеш те болды. Ал оған әлі ешкім сыйлық сыйламапты. Оның көңіл-күйі болмай тұр. Чок-чокқа сыйлық сыйлаймыз ба? Ендеше түрлі түсті баулардан, дөңгелектерден сыйлық жасайық. Тапсырманы Лев бөлігіне орналастырамыз. -Ары қарай мен сендерді Айға ұшуды ұсынамын.Бірақ Ай-ол планета емес, ол Жердің серігі.Балалар, қараңдар, кімді көріп тұрсыңдар? -Иә, бұл біздің таныс Лунтик қой. Лунтиктің де сендерге дайындаған тапсырмасы бар екен. Орындаймыз ба? 5-тапс: «Лунтиктің есептері» -Табақта 8 алма, қолымда 2 алма, қосқанда барлығы, болады қанша алма? -Дүкеннің сөресінде 10 бөлке нан болды. Оның 4-уі сатылды. Сөреде неше бөлке нан қалды? Есепті құрастырып жазамыз. Лунтик: Жарайсыңдар, достар. Есепті өте жақсы шығарады екенсіңдер.
|
-Павлин, Пони, Лань, Лев.
2-3 бала коврографта, басқалары орындарында орындайды.
Тапсырманы орындайды.
Роботпен бірге би қимылдарын жасайды.
Тәрбиешінің нұсқауы бойынша тапсырманы орындайды.
-Сыйлаймыз.
-Лунтик
8+2=10
10-4=6 |
Рефлексивті – түзетушілік |
-Балалар, біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болып қалыпты. Лунтик: -Балалар, сендерге Ғарыш әлеміне саяхат ұнады ма? Несімен ұнады? Қазір мен сендерге Ғарыш әлемінен естелік ретінде мынандай медальон бергім келеді. Тағы да қонаққакеліп тұрыңдар. Сау болыңдар! -Лунтикпен қоштасып, кемемізге отырайық (сыйлықтарын тарату)
|
Балалар өз ойларын білдіреді. |