"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Мектепке дайынбыз!» (кіріктірілген іс- әрекет). Дене шынықтырудан қорытынды ҰІӘ. Тасбулатова Қ.Қ.

17.10.2023

Тақырыбы : «Мектепке дайынбыз!» (кіріктірілген іс- әрекет)

Мақсаты: Дене тәрбиесіндегі қимыл – қозғалыс дағдыларының дамуын көрсету.

Міндеттері: Түрлі жүру, жүгіру тәсілдерін бекіту; баспалдаққа өрмелеуді жаттықтыру; бір және екі аяқты алмастыра секіру;  орындық үстінен  жүру дағдыларын бекіту; құрсау ішінде допты соғып қағып алу, себетке көздеп лақтыру; сандармен дыбыстар жайында білімдерін бекіту; аралар жайлы еске түсіру. Саптық жаттығулар, оңға- солға бұрылу, 1-2 есептелу, өзінің ісіне жауапкершілікпен қарауға және досына көмек көрсетуге үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ептілік, шапшандық, күштілік, координация кимыл – қозғалыстарын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Құралдар: Гим. баспалдақ, қоңырау, орындық, секіруге кілемшелер, 2 баскетбол себеті, орташа құрсаулар, доптар, музыка әуені, сандар 1-10 дейін, магниттік тақта.

Әдіс – тәсілдер: сөздік, жауап, сұрақ қою, түсіндіру, көрсету, мадақтау.

Іс – әрекет барысы:

Кіріспе бөлімі:

Музыка әуенімен спортзалға кіреді, сап түзейді.

Нұсқаушы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сап түзел, тік тұр. Кіші топтан даярлық тобына дейін өсіп жеттіңдер. Ақылды, әдемі, мықты болып өстіңдер. Сендерді мектепке шығарып салудың уақыты келді. Бүгін дене шынықтыру іс – әрекетінде мектеп ойындарын ойнаймыз. Ең алдымен саусағымызды жаттықтырып алайық «Алақанды уқалаймыз, шапалақтаймыз, жұдырықты бұраймыз».  1-2 ге есептел, 2 колоннаға бөлін, 1 колоннаға қайта тұр.

Жүру: «Жыланша» жыл бойы дыбыстарды естіп айыра білуді үйрендік.

Жылан қалай ысылдайды ? «с-с-с-с-с»
Аяқ ұшымен қолды екі жанға созып жүру. «Аспанға қараймыз, ұшақпен ұшамыз» (ұшақ қай дыбыстан басталады?)
Қолды алға созып өкшемен жүру, аяқ сыртымен жүруге ауысу «Темір жол үстімен пойыз зулап келеді» (қай дыбыстан басталады? )
Оң, сол аяқты көтеріп тепе- тендік ұстап тұру «Шалшықта Тырна тұрады, бақаны аулап алады» (қай дыбыстан басталады).
Жүрелеп жүру «Бір жол аяқпен қаздар тізіліп келді» (қай дыбыстан басталады?)
Жанбаспен алға, артқа  жүру «Өзеннен жүзіп өтеміз, немен?» (қай дыбыстан басталады).

Жарайсыңдар! Көп дыбысты еске түсірдік.

Жеңіл жүгіру «Жыланша», аяқты алға созып артқа тастап, секіріп, бір қырыннан, тыныс алуды реттеу.

Негізгі бөлім.

Екінші іс – әрекетіміз шығармашылық. Сурет саламыз, құрсауларды аламыз.

ЖДЖ «Фитбол добымен»

«Қуыршақ»
«Гүл»
«Күннің көзі»
«Қарлығаш»
«Тырналар»
«Терезесі бар үй»
«Гүлзар»
«Тізбек»
Тыныс алу жаттығуы.

Негізгі жаттығу

Құрсау ішінде допты ұрып қағып алу.
Баскетбол добын себетке көздеп лақтыру.
Баспалдаққа өрмелеу, сандарды алу (санның реттік қатарын құру)
Классики (бір және қос аяқпен секіру.

Қ/ойын: «Кім шапшаң?»

Стретчинг.

Қорытынды бөлім.

Енді бәріміз қиялдайық. Біз мектептен келдік, анамызға мектепте не істедік , не үйрендік айтып берейік. 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.10.2023 10:41
Құрылған күні: 17.10.2023 12:14

Текст