"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» ересек тобының ертеңгілігі, тәрбиеші Маханова Г.М., Бурханшина М.А.

03.12.2020

Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні»

Мақсаты:Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету,балалардың тілін,мәнерлеп тақпақ айту,ән салу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын дамыту; балаларды елін сүйюге, дәстүрін құрметтеуге білуге тәрбиелеу.

Абай ауылындағы Наурыз мерекесі.

Видеоролик:Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.

-деп төрелігін өзі шешкен Абай арамызда жоқ болса да ,бүгінгі болашақ жастардың

Мәңгі есімінде сақталады.

Кішкентай Абайдың үйіндегі көрініс. Айзере әже,Құнанбай,кішкентай Абай.

Кішкентай Абай:Әже, менің атымды кім койды?

Айзере әже:Е,шырағым сенің атыңды әкең азан шақырып әкең қойған екен.Әкеңнің түсінде сегізінші ғасырда өмір сүрген қазақтың кемеңгер биі Әнет баба Ибрахим пайғамбардың атын айтып аян береді де ғайып болған,содан кейін сенің атыңды Ибрахим деп қойды.

Кішкентай Абай :Әке,мен атқа мінгім келеді.-деп әкесіне өтініш айтады.

Құнанбай әкесі:Шеше,осы наурыз мерекесінде таяп қалды баланы, атқа мінгізіп тойлайық?

Айзере Әже: жарайсың балам,Немеремнің достары келем деп еді. Дастархан жайып қойдым келіп қалуы мүмкін.

Осы кезде Жарапазан айтып балалар келеді.

Ассалаумағалайкум, ақтан келдік

Ай туып, күні шыққан жақтан келдік.

Айтты деп жарапазан сөкпеңіздер,

Пайғамбар жолын қуған Адам едік.

Осы үйдің шаңырағы шап шақ екен

Айтамыз жарапазан есігіңе,

Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе...

Айзере әже:Амансыңдар ма балалар?Хош келдіңіздер.Жарапазан айтып келген екенсіңдер мынау менің сендерге арналған сыйым қабыл алыңыздар.

Жарапазан айтқан бала:бата береді:

Қараша күркең үй болсын,

Үйіңізде той болсын.

Көп бергенге ұл тусын,

Аз бергенге қыз тусын.Аумин!

Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші:Армысыздар құрметті ата аналар, қонақтар,әріптестер Ұлыс Ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз келді еліме,

Көктеді қыр жағалар.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық

Осыншама жақсылық

Алып келген Наурызым!

Музыка әуенімен Қыдыр Ата кіреді.

Кезекті балалардың тақпақтарына берейік.

Тақпақтар.

Ән «Наурыз көктем»

Алыстан шаршап шалдығып Алдар келеді.Өзімен бірге ойын ала келеді.

Ойын: «Теңге алу»

Ұлдар Биі «Батырлар биі»

Тақпақтар.

Ойын «Арқан тарту»

Қыздар Биі.

Жүргізуші:Ата Абайды қазақтың салт дәстүрімен «Ашамай»

Рәсімін өткізейік.

Құнанбай:Бастамас бұрын бата берейін.

Құнанбай қазақтың  салт дәстурімен Абайды Атқа мінгізеді.

Жүргізуші:Әже Ата Абайдың достары,Абай шығарғын тақпақтарында ала келді.

Аружан «Жаз»

Амина: «Қыс»

Би «Қара жорға»

Жүргізуші:келесі кездескенше аман болайық.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.12.2020 15:17
Құрылған күні: 03.12.2020 15:17

Текст