28.04.2026
ҰІӘ математика негіздері
Тақырыбы: «Пішіндер қаласы»
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін сіздер мен пішіндер қаласына барамыз! Ең алдымен бәріміз ауа шарына отырып ұшып барайық, міне пішіндер қаласына келдік, бірақ бұл жер неге соншалықты тып-тыныш!
Жасанды интелект: экраннан видео
-«Дөңгелек» (сұрақ балаларға бұл қандай пішін?)
Сәлеметсіндер ме балалар! Біздің пішінді қаласына қош келдіңіздер дей алмаймын себебі біздің қаламызды және менің достарымды зұлым сиқыршы сиқырлап кетті. Балалар сіздер пішіндер қаласын және менің достарымды құтқару керексіздер сонда сиқыршының сиқыры түседі.
Тірбиеші: Балалар пішіндер қаласына және дөңгелектін достарына көмектесеміз бе?
Балалар: Иә көмектесеміз!
Дөңгелек: Жасанды интелект: экраннан видео
Балалар қарандаршы бұл қандай пішін (үшбұрыш) дұрыс ол менің досым бірақ ол қозғалмай тұр себебі ол сиқырланған, олай болса сіздер бірінші тапсырманы орындап менің үшбұрыш досымды құтқарайық.
1.Тапсырма: Д/о: «Ұзын-қысқа», «биік-аласа», «кең тар».
Мақсаты: Балаларға заттарды салыстыра білу дағдысын дамыту, сөздік қорын байыту, сөйлеу қабілетін дамыту.
Үшбұрыш: Жарайсындар балалар сіздерге үлкен рахмет! Мені сиқырдан құтқардыңыз, енді қалған достарымды құтқару үшін басқада тапсырмаларды орындайық.
2 тапсырма : «Құмырадағы гүлдер» жасанды интелект: экраннан видео
Мақсаты:Сандар мен заттарды сәйкестендіруді дамыту, санақ дағдыларын қалыпастыру, қол-ой үйлесімін дамыту.
Тіктөртбұрыш: Керемет балалар, сіздер өте ақылдысыздар, бізді зұлым сиқыршының сиқыран шығарып қалпызды өз ретіне келтіріп жатсыздар, бірақ осымен әлі бәрі біткен жоқ, сіздер бізге көмектесеміздеп біраз шаршап қалғаншарсыздар олай болса келіңіздер сіздер мен бір денемізді сергітіп алайық әдемі би билеп көңілімізді көтерейік.
«Сергіту сәті»
Тіктөртбұрыш: жақсы балалар олай болса келесі тапсырманы орындап біздің досымызға көмектесейік.
3 тапсырма: «Геометриалық пішіндер» жасанды интелект: экраннан видео
Мақсаты: Балаларға пішіндерді тануды, олардың орналасуын жіне бағыт бойынша әрекет етуді үйрету, кеңістік ұғымдарын дамыту.
Тәрбиеші: Балалар кәне үстелдің үстінде неше пішін бар?
Балалар: 5 пішін
Шаршы: Жарайсындар балалар міне менде сиқырдан шықтым, бірақ біздің қаламыз әліде жарқырап тұрған жоқ, ол өз әдемілігін келтіру үшін зұлымның соңғы сиқыры бұзып қаламызды жадыратайық.
Тәрбиеші: балалар Дөңгелектін және оның достарын сиқырдан құтқардық, енді пішіндер қаласын өз әдемілігіне келтіруге көмектесеміз бе соңғы тапсырманы орындап?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Балалар сіздердің алдарыңызда А4 ақ парақ бар, қазір біз сіздер мен бірге сол ақ парақта кеңістікті бағдарлаймыз, мұқият тыңданыздар.
4 тапсырма
Д/о «Кеңістікті бағдарлау» » жасанды интелект: экраннан видео
Мақсаты: балаларға кеңістікте бағдарлануды, бағытты тануды үйрету. «Оң жақ жоғары бұрыш, сол жақ төмен бұрыш, оң, сол төмен, жоғары, астында, үстінде» сияқты кеңістік ұғымдарын түсіндіру
1.Оң жақ жоғарғы бұрышқа жасыл түсті допты орналастырыңыздар.
2. Оң жақ төменгі бұрышқа көк түсті шарды орналастырыңыздар
3. Сол жақ жоғарғы бұрышқа қызыл түсті алманы орналастырыңыздар
4. Сол жақ төменгі бұрышқа сары түсті мысықты орналастырыңыздар
5. Қағаздың ортасына ақ түсті гүлді орналастырыңыздар
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар, сіздер зұлым сиқыршының барлық сиқырын шешіп дөңгелектін және оның достары құтқардыңыздар!
Тәрбиеші: Қорытынды
- Балалар бүгін біз сіздер мен қандай қалаға және немен ұшып бардық?
- Ол қалаға және дөңгелек пішінін достарына не болды?
- Оларды кім сиқырлап тастады?
- Сіздер мен бірге неше тапсырма орындадық?
-Сіздерге орындаған тапсырмалар қызықты болды ма?
Тәрбиеші: Рефлексия
Егер бүгінгі серуеніміз пішіндер қаласына өте қызықты болса онда жасыл түсті қоржыңға жасы түсті пііндерді салайық, егер қиын болса онда қызы түсты қоржынға қызыл түсті пішіндерді салайық, пішіндер қаласын едігіде сиқырламасын деп сендер оған көмектесесіндер иә балалар!
Жасанды интелект экраннан видео:
«Пішіндер»
Рахмет үлкен рахмет балалар! Сіздер өте ақылды, білімді барлығын жақсы білесіздер, бізгеде және бір бірінізге көмектесіп барлық тапсырмаларды еш қиындықсыз орындап шықтыңыздар, сол бізге көмек көрсентен батылдықтарыңыз үшін біздің «Пішіндер қаласынан» сіздерге арнайы сыйлықтарымыз бар. Сау болыңыздар балалар!