"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Сауат ашу әлеміндегі қызықты тапсырмалар». Шокумова А.М., мектепалды тобы.

23.05.2025

 «Сауат ашу»

Тақырыбы: «Сауат ашу әлеміндегі қызықты тапсырмалар»

Мақсаты: балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, ойындарға деген қызығушылықтарын, сөздік қорларын дамыту, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату білуге, буыннан сөз құрастыру қабілеттерін дамыту.

Пайдаланған құралдар:  үлестірмелі карточкалар, қалам, фломастер, қазан, есек, ұр тоқпақ.

Зал іші әсемделіп безендірілген.

Барысы:

Тәрбиеші: Қайырлы таң, балалар! Бүгін бізде өте ерекше күн. Сендер жыл бойы алған білімдеріңді көрсететін боласыңдар.

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші: Балалар, тыңдайықшы бізге қонақ келе жатқан сияқты.

(музыка әуенімен ата келеді)

Ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Алыс жолдан шаршап келе жатырмын, мына жерде не болып жатыр екен?

Ислам: Ата мына жерде қорытынды іс-әрекет болып жатыр, төрлетіңіз.

Ата: Мынау піс қазанға, құс есекке, ұр тоқпаққа тиіспеңдер!

Нұр-Иман: Жоқ, ата ештеңе айтпаймыз!

Ислам: Ата, сіз алыс жолдан шаршадыңыз, төрлетіп демалып алыңыз.

Ата: Барып демалайын.

Тәрбиеші: Балалар, қазанда не бар екен?

Балалар: Піс қазаным піс, піс қазаным піс!

Ислам: Қазанның ішінен хат шықты. (балалар қазанды ауыстырып қояды)

Тәрбиеші: Хатты ашып көрейін, не жазылып тұр екен? Балалар хатта тапсырма бар екен.

1.Тапсырма: «Дыбыстық талдау»

Шарты: сөздің неше дыбыстан тұратынын және сөзде неше дауысты дыбыс, неше дауыссыз дыбыс бар екенін анықтау.

2.Тапсырма: «Буын», «Буыннан сөз құрастыр»

Шарты: Суреттердің неше буыннан тұратынын анықтау, буыннан сөз құрастыру.

Шарты: ла, қа, ма  деген буындарға сөз құрастыру.(бала, ойла, айла, байла, бақа, қала, алысқа, алма, мама, мата)

Тәрбиеші: Балалар, есекті де жай қалдырып кетпеген шығар, барып тексеріңдер.

Балалар: Құс есегім құс, құс есегім құс! (есектің аузынан хат шығады)

Тәрбиеші: Есектің тапсырмасын орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар: Есектің тапсырмасын орындауға дайынбыз!

Тәрбиеші: Балалар хатта тапсырма бар екен.

3.Тапсырма: «Дауысты және дауыссыз дыбыстар» туралы білесің бе?

 Сергіту сәті.

Шарты: суреттерді атап, қандай дыбыстан басталып тұрғанын анықтау керек. Әр суретті өзіне тән белгіге апару керек.

Шарты: сергіту сәтінде сөздердің қай дыбыстан басталып тұрғанын анықтап, тиісті орынға тұру керек.

Тәрбиеші: Енді балалар, ұр тоқпағым ұрды тексеріп көріңдер.

Балалар: Ұр тоқпағым ұр, ұр тоқпағым ұр! Ұр тоқпақта да хат бер екен.

Тәрбиеші: Ұр тоқпақтың тапсырмасын орындайық.

4.Тапсырма: «Сөйлем құрастыр», «Әдемі жазуға үйрен!»

Шарты: Берілген суретке сөйлем құрастыру керек.

Шарты: Көкөністер мен жемістерді бастырып, шығармай жазу керек!

Тәрбиеші: Сендер піс қазанның, құс есектің, ұр тоқпақтың барлық тапсырмасын жақсы орындап шықтыңдар! Енді, қорытынды іс-әрекет сендерге ұнаса, мектепке баруға дайын болсаңдар, смайликтерді қызыл сөмкеге апарасыңдар. Керісінше, бүгінгі тапсырмалардан қиналсаңдар, әлі ойнағыларың келсе смайликті допқа апарып жапсырасыңдар!

Тәрбиеші: Атамыздың ұйқысы қанған шығар, балалар барып атаны оятып келіңдер!

Балалар: Қазір атаны оятып келеміз.

Ата: Ұйқым қанып, жақсы демалып қалдым. Сендердің дауыстырыңнан оянып кеттім. Тапсырмаларды өте жоғары деңгейде орындағандарыңды естіп, сүйсініп тыңдап жаттым! Сендерге бүгінгі тапсырмаларды дұрыс орындап, мектепке дайын екендеріңді көрсеткендерің үшін, марапаттағым келіп тұр. (Мадақтау)

Күтілетін нәтиже:

1.Дыбыстық талдау, буын туралы біледі

2.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

3.Сөйлем құрастыра алады, қаламды дұрыс ұстай алады.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст