16.04.2026
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз!»
Кіріктірілген іс-әрекет: «Қоршаған әлеммен таныстыру», «Мүсіндеу». Кіші топ.
Мақсаты: Балалардың жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп-баптап аялауға, оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу. Құстар туралы білімдерін толықтыру, құстарға деген сүйспеншілік сезімге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Көрнекіліктер: Құстар бейнеленген атрибуттар, құстар жайлы бейнефильм, ойындар.
Тәрбиеші музыка залына балаларды қатармен кіргізіп, шеңбер құрады.
Сиқырлы сәт: Құстардың дауыстарын естейді. Балалар естейсіңдер ме бұл ненің дауысы?
Балалар: Құстардың
Тәрбиеші: Бәрекелді балалар! Қараңдаршы бізге қонаққа құстар келіп тұрған сияқты.
Экраннан қарға шығады.
Қарға: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қыстап қалатын құстардың бірімін. Сендердің ақылды балалар екендеріңді естіп, сендердің маған көмек берулеріңді сұраймын. Мына жерде менің көп достарым бар. Соларды тамақтандыру керек. Сендер маған көмектесесіңдер ме!
Тәрбиеші: Балалар қарғаға көмектесеміз бе?
Балалар: Әрине көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ендеше орындарымызға тұра қалайық. Ойын барасында бұршақтарды аузымызға салмаймыз!
«Қарғаны тамақтандыр»
Ойын шарты: Балалар қарғаға дайын азықтарын тауып, ауыздарына бұршақтарды салады.
Экраннан торғай шығады.
Торғай: Сәлем, сәлем балақайлар! Сендер көптеген тақпақтар, өлеңдер біледі деп естідім. Ал маған арналған тақпақтарын бар ма?
Балалар: Әрине бар.
Торғай, торғай, торғайсың
Жақын келіп қонғайсын.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аяздан тоңбайсың.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бұл жерде әр-түрлі құстармыз жүр екен. Олар өздерінің орындарын таба алмай жатқан сияқты. Құстарымызды (торғай, тауық) дауысына қарай ажыратып қай жерде мекен ететінің табайықшы.
«Құстарды орналастыр»
Ойын шарты: Құстардың дыбыстары арқылы қай жерде мекендейтінін табу. Үй және дала құстарын ажырату.
Экраннан тауық шығады.
Тауық: Ко-ко-ко-ко сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге ермексазбен ойын дайындап қойдым. Менімен ойнауға қалай қарайсыдар?
«Менің бөлігімді мүсінде»
Шарты: Балалар ермексаздан өзіне берілген құстың жарты бөлігін ермексаздан мүсіндеп жабыстырады.
Рефлексия:
Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа нелер келді?
Балалар: Құстар
Тәрбиеші: Қандай құстарды көрдіңдер?
Балалар: Қарға, торғай, тауық, үйрек.
Тәрбиеші: Құстармен қандай ойындар ойнадық?
Балалар: Құстарды тамақтандырдық, торғайға тапақ айттық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар егер сендерге ұйымдастырылған ашық іс-әрекетіміз ұнаса өзімізге қошемет көрсетейік.