"Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ" бөбекжай-бақшасы "мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад" Болашақ" города Ерейментау при отделе образования Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі, математика негіздері ҰОҚ, тәрбиеші Идрисова Қ.Г., ересек тобы.

30.12.2021

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі

Мақсаты: Ұзын –қысқа, геометриялық пішіндерді 1-5 сандарды бекіту. Есту, көру қабілеттерін жақсарту. Ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, достық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.

Құралдар: ұзын- қысқа карточкасы, саңырауқұлақтар, шыршалар, геометриялық пішіндер.

Барысы: Үйшік ертегісінің суреттері ілініп тұрады.

Жұмбақ жасырылады.

Қандай ертегілерді білесің? Баланың жауабы

Үйшік ертегісінің суреттері көрсетіледі.Тақтаға үшіктің суретін іліп қоямыз. Бірінші үйшікке  тышқан келді, суретін ілеміз. Үйшікке екі жолмен келуге болады. Бірі ұзын, екіншісі қысқа. Қай жолмен тез жетеміз. Дұрыс. Қысқа жолмен тез жетеміз.Үстелде жолақшалар жатыр саластырып көрейікші.

  1. Тышқан қысқа жолмен үйшікке жетіп сонда тұрып жатыр. Үйшікке неше дос тұра бастайды?
  2. Енді  бақа секіріп  келеді. Бақаның суретін ілеміз. Бақа жолда секіріп келе жатқанда моншақтарын жоғалтып алды. Бақаға көмектесу үшін тапсырма орындаймыз.

«Геметриялық пішіндер» ойыны

Аталған геометриялық пішіндерді қатарлаймыз.

1.      Қызыл

2.      Сары

3.      Көк

4.      Жасыл

Жасыл. Бақаға моншақ жинап бердік. Жақсы. Бақада да үйшікте тұра бастады. Келесі  үйшікке қоян келе жатыр екен, қоян үйшікке жету үшін тапсырма орындау керек.

«Кеңістікті бағдарла»  д/о

Қоян көкке қараса бұлтты көрді . Қағаздың үстінгі жағына бұлты орналастырамыз. Төмен қарап еді саңырауқұлақтарды көрді.Төменгі жағына саңырауқұлақтарды  орнаастырамыз. Жақсы Қоян үйшікке жетті.

Сергіту сәті: Аңдарлардың жүрісін келтіреміз( аю, түлкі ,қысқыр, қоян, тышқан)

Үйшікке қарай түлкі келе жатыр, ол жету тапсырма орындауымыз керек.

«Не жоғалды?» ойыны

Түлкі үйшікке түрлі – түсті жалаулар ілем дейді. Жалау түстерін атаймыз.Балалар көзін жұмғанда бір жалауды алып тастаймыз: Көздерін ашқанда қандай түсті жалау жоқ екенін табу керек. Енді түлкі үйшікке жетті.

Үйшікке аю келе жатыр екен, бізге арнаған тапсырмасы бар екен.

Балалар, аю үйшікке сыйама? -Жоқ, әрине.

 Бәрі қосыла жаңа үйшік орнатамыз дейді. Ол үшін тапсырма орындауымыз керек.

«Кюизинер таяқшалары» д/о

Таяқшалар арқылы жаңа үйшік саламыз.,

Қорытынды: Қандай ертегі желісі  тапсырмалар орындадық?

- Үйшік

Үйшікте қанша аң тұрады?

- 5

Біз аңдарарға көмектестік пе?

- Ия

Жақсы, енді топқа қайтамыз.

Бүгінгі оқу қызметінен алған көңіл- күйімізді жымиғыштар арқылы білідіреміз.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.12.2021 14:59
Құрылған күні: 30.12.2021 14:59

Текст