Тақырыбы: «Тұғыры биік Тәуелсіздік»
Мақсаты: Өлең жолдарын оқыту арқылы балалардың тілдерін дамыту, патриоттық сезімдерін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып,елжандылыққа, туған жерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Зал іші әсемделіп безендірілген.
(музыка әуенімен балалар залға кіріп, флешмоб биін билейді)
1.Би: Флешмоб
Жүргізуші: Құрметті ата- аналар, қонақтар, балабақша ұжымы. Барлықтарыңызды тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз. Еліміз тыныш, дендеріміз сау, аспанымыз ашық болсын!
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме,
Ешбір ел тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме,- дей отыра «Бөбек» ортаңғы тобының тәуелсіздікке арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Әнұраным- жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады
Жүргізуші: Шынымен де бізге тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Көптеген апа-ағаларымыз жазықсыз қан төкті. Сол аға-апаларымызды еске алып, бір минут үнсіздік жариялаймыз!
3. (1 минут үнсіздік)
Жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың өлең шумақтарына берейік.
4. Тақпақтар:
Жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстаным,
Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын,
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, тәуелсіз Қазақстаным, демекші,кішкентай батыр жігіттеріміздің орындауындағы ер жігіттер биін қабыл алыңыздар.
5.Би: «Ер жігіттер»
Жүргізуші: Қазақстан- байтақ ел, нұр мекенім,
Қазақстан- айым менен күнім менің,
Қазақстан- астығы мол, туған жерім,
Қазақстан- ыстық маған алып елім,- дей отыра әнді қабыл алыңыздар.
6. Ән: «Тәуелсіздік»
Жүргіуші: Балалар, жақсылап тыңдайықшы, бізге қонақ келе жатқан сияқты. Олай болса қонақты қарсы алайық.
7. Жиренше шешенің қонаққа келуі.
8. Ойын: «ұлдармен
«Асық ату»
9. Ойын: «қыздармен»
«Етаңбаны құрастыр»
Жүргізуші:
Біздің топтың балалары,
Шеттерінен өнерлі.
Өлең айтып, би билеп,
Қуантады біздерді, демекші әсем әнді қабыл алыңыздар.
10. Ән: «16 желтоқсан»
Жүргізуші:
Отан деген- атамекен,
Отан деген- туған жер,
Отан-ана, Отан үлкен
Қазақстан- туған ел! Демекші, кішкентай ғана жүректері Отан деп, туған жер деп соғатын балалардың өлең шумақтарына берейік.
11. Тақпақтар:
Жүргізуші: Балалар, бүгін бізде мереке. Әр мерекеде біз бір- бірімізге жақсы сөздер айтып, құттықтап, бір-біріміздің көңілімізді көтереміз. Ал, сендер қандай әдемі, жақсы, құлаққа жағымды сөздер білесіңдер? Ендеше, екі топ болып кім көп әдемі сөздер біледі екен, соны тексереміз.
12. Ойын: «Әсем сөздер»
Жүргізуші: Қыздарымыз майысқан,
Саусағынан бал тамған.
Билегенде жан салмас,
Ешкімнен де қалыспас,
Жанып тұрған көздері,
Әп- әдемі өздері.
13. Би: «Алма»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар! Осымен тәуелсіздікке арналған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Еліміз тыныш, отанымыз аман болсын! Әр шаңыраққа тілейтініміз шаттық, байлық,
денсаулық.
Сау болыңыздар!