Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Қысқы орман ғажайыптары»
Мақсаты:Түрлі қимыл қозғалыс дағдыларын одан әрі қалыптастыру.Арқаны тік ұстау. Музыка әуенімен степ жаттығуларын сәйкес орындауға үйрету. .
Ырғақты сезінуді дамыту.Балаларды жан-жақты тәрбиелеу.
Күш тепе-теңдік, шапшаңдық дағдыларын фитбол добымен ойнауда және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құралдар:Степ орындықтары, фитбол доптары, үнтаспа..
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, үйрету, көрсету, қайталау, қорытындылау.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Нұсқаушының іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық
Ұйымдастыру -іздестіру
Рефлексивтік- түзетушілік |
Балалар марш екпінімен спорт залға кіреді.Тізбекте сап түзейді.Арқаны тік ұстау. Сәлемдесу. Далада қар борайды. Ақ мамыққа орайды. Мұз болады қатады. Жып-жылтыр болып жатады. Балалар, бұл өлең шумақтары қай мезгіл жайында суреттелген. Бүгін сендерді қысқы табиғат аясына саяхатқа шақырамын. Ол үшін жүрісіміз жинақы, шапшаң, етті болуымыз керек. Қызықты ойын жаттығуларды меңгеріп, ғажайып әсер аламыз. Сап, түзел! Тік тұр. Алға қадам бас. Марш екпінімен жүру. Аяқ ұшымен, өкшемен арқаны тік ұстап жүру. Аяқты аяқ жанына қойып, оң сол қырынан жүру. Жеңіл жүру. Орташа қарқынмен жүгіру. Ж.Д.Ж Степ орындықпен. 1.Степ жанында жүру. Басты оңға,солға бұру, иықты айналдыру. 2.Қол белде, степ орындыққа оң сол аяқпен қадам жасау, Бұрыштап бұрылып оң-сол жаққа тізені жоғары көтеру. Аяқты тура созу.Қолды көтеріп шапалақ ұру. 3.Аяқты кезекпен көтеріп, степ орындыққа мініп, алға-артқа түсу, қадам жасау. 4. Степті айнала секіру. Жеңіл жүру. 5. Степке отырып, аяқты созып өзіне тарту. 6. Степке отырып, аяқты екі жаққа созу. Қолды аяқ ұшына жеткізу. 7. Степ үстінде тұрып, тыныс алу жаттығуын орындау. Негізгі жаттығу. 1.Степ үстінен екі аяқпен үздіксіз секіру. 2. Гим. орындық үстінен тепе-теңдік сақтап жүру. 3. Допты баскетбол элементімен жүргізе соғу. Қимылды ойын: «Түлкі мен қояндар» (фитбол добымен) Қысқы орманның ішінде, Қояндар жүр жем іздеп, Жан-жағына қарайды. Құлақ түріп тыңдайды. Қояндар-ау, қояндар, Жақын маңда түлкі бар Қолға түсіп қалмаңдар! Стречинг жаттығуы «Қысқы ағаш» «Күннің шуағы» «Жалқау қонжық» «Тасбақа» «Көпір» «Өрмекші» |
Балалар, қолдарын жоғары көтеріп, желкеге қойып жүреді. Ара-қашықтықты сақтайды.
Тыныс алу жаттығуларын орындайды.
6-7 рет. 8 рет.
6-7 рет. 7-8 рет.
Балалар музыка әуенімен ырғақты сезініп орындықта қадам жасайды.
Тепе-теңдік сақтайды. Допты соға жүргізеді.
Фитбол добымен секіреді. Тепе-теңдік сақтап, фитбол добында жатады.
Балалар аяқ-қолдарын созып жаттығуды орындайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Түрлі жүру, жүгіру жаттығуларын.
Игереді: Степ орындықта жаттығуларды орындауды.
Меңгереді: Фитбол добымен ойынды.