«Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының «Болашақ» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау лауазымнан босату туралы конкурстық комиссия отырысының №1 хаттамасы
20 қаңтар, 2025 жыл
Қатысқандар:
Конкурсттық комиссия құрамы-5
Қатысқаны-5,
Қатыспағаны-0
Күн тәртібінде:
1.Бөбекжай атынан жарияланған вакансиялық бос немесе уақытша бос лауазымдық орындарға конкурс өткізу туралы
Тыңдалды Оразбаева Айман Қуанышқызы: бөбекжай меңгерушісі, конкурстық комиссия төрағасы Оразбаева Айман Қуанышқызы сөз алды. Ол өз сөзінде «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім беру және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпаныдағы № 57 бұйрығын басшылыққа ала отырып төмендегі құрамда конкурстық комиссия құрамы бекітілгендігін айтты.
Бөбекжай атынан жарияланған вакансиялық бос орынға тәрбиеші лауазымына Назарбекова Балжан Сериковна өз құжаттарын тапсырды. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
12) осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Конкурс қорытындысы
««Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының «Болашақ» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2025 жылдың қаңтар айының 20-і күні өткен тәрбиешіні қабылдау бойынша конкурстан өткен мына төмендегі үміткер бос лауазымдық орындға қабылдауға ұсынылды.
Конкурстан өткен үміткерлер тізімі
№ |
Үміткердің аты-жөні |
Мамандығы |
ЖСН |
Ұпайы |
Конкурстық комиссия шешімі |
1 |
Шаймуратова Ансаган Асетовна |
Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі |
030327651047 |
балл |
Комиссия құрамы Шаймуратова Ансаған конкурстан өтті деп есептеп шешім шығарды |
Жусупбекова Гүлнар Нұртайқызы – ісжүргізуші, конкурстық комиссия хатшысы.