Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының«Болашақ»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное  коммунальное  казенное предприятие «Ясли-сад «Болашақ»  города Ерейментау при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области  

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Логопед- мұғалім Асаинова Г.Х. "Сөйлеу ойындары мен жаттығуларын ұйымдастыру" атты тақырыбы бойынша шебер- сынып өткізді.

07.11.2025

«Сөйлеу ойындары мен жаттығуларын ұйымдастыру» шебер-сынып

Сөздік ойындардың мақсаты: Баланың тілін, жалпы танымдылық қабілеттерін (есте сақтау, ойлау), сөздік қорларын дамыту және қоршаған орта туралы түсінігін толықтырып, білімін кеңейту.

Міндеті: Байланыстырып сөйлеу қабілетін, заттарды топтастырып, салыстыру деңгейін жетілдіру. Сонымен қатар баланың жас ерекшелігіне байланысты жеңілден күрделіге қарай толық қарым – қатынасқа түсуге үйретіп, монологтық, диалогтық сөйлеу тілін жетілдіру.

Логопедиялық жаттығулардың басты мақсаты – дыбысты дұрыс айтуға дағдыландыру, дұрыс тыныс алу қалпын сақтау,артикуляциялық аппараттың бұлшық еттерінің тонусын нығайтып, ширату. Жаттығулардың нақтылығын, орындалу тәсілін меңгерту.

Сөздік ойындар:

«Сөзтізбек» ойыны: Әрбір аяқталған сөздің дыбысына сөз ойлап айту. Мысалы: балық, қоян, нан

Домбыра –

Кілт –

Айна –

« Ойлан тап» айтылған сөзге сәйкес ерекшелігін тауып айту, мысалы: күн не істейді?

(жарқырайды, жылытады, қызарып батады)

Жауады,жатады,ериді ол не? Қандай жыл мезгіліне сәйкес?

Жауын жауады,саңырауқұлақ өседі,жапырақтар сарғаяды – бұл қай кезде болады?

(осы сөздерді байланыстырып сөйлем құрастырып айтқызуға болады)

«Қандай дыбыс?» дыбысты есту арқылы ажыратуға арналған ойын

Шар, шелек, шаңсорғыш, шапан – қандай дыбыс көп қайталанды?

«Кім зейінді?» Оқу құралдарын естігенде шапалақтау, ал егерде үй жануарлырын айтқанда аяқпен топылдату.

«Кім көп сөз айтады?»

Шарты: Белгілі бір тақырыпта сөздік қорды кеңейту.

Тақырып мысалдары: Жемістер, жануарлар, киімдер, ойыншықтар. Кім көп сөз айтады – сол жеңімпаз.

«Жаңылтпаш айт»

Шарты: Дыбысты дұрыс айту, тілдің икемділігін жетілдіру.

Тазша тайға таяқ тастап, тай тазшаға таяқ тастапты.

Қапыда ит қапты, қатты қапты, қапты қатты.

Артикуляциялық жаттығулар

Шарты: Ерінге, тілге, артикуляциялық аппараттың бұлшық еттерін нығайтуға бағытталған.

  1. Қағаз сүлгімен.

Апельсинмен

Просмотров: 181


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст