Текст
12.03.2026
Балабақшаның педагогикалық ұжымына мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптарда Наурыз мейрамы мерекесіне арналған ертеңгіліктерді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық таныстырылды.
Таныстыру барысында мерекелік іс-шараларды өткізу тәртібі, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау жолдары, балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойындар мен шығармашылық элементтерді қолдану мәселелері қарастырылды.