12.03.2026
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Болашақ» бөбекжайында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын Наурызнама онкүндігі 14 наурыз - 23 наурыз аралығында атап өтіледі. Бұл күндері ұлттық дәстүрлеріміз дәріптеліп, балаларға халқымыздың салт-дәстүрлері мен құндылықтары таныстырылады. Әр күн ерекше мазмұнға толы іс-шаралармен өтеді. Жарияланған жұмыстар #наурызнама2026 хэштегімен белгіленеді.
Наурызнама онкүндігі жоспары:
🔹 14 наурыз – Көрісу күні
🔹 15 наурыз – Қайырымдылық күні
🔹 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
🔹 17 наурыз – Шаңырақ күні
🔹 18 наурыз – Ұлттық киім күні
🔹 19 наурыз – Жаңару күні
🔹 20 наурыз – Ұлттық спорт күні
🔹 21 наурыз – Ынтымақ күні
🔹 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы
🔹 23 наурыз – Тазару күні
🌿 Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Наурыз мейрамын бірге қарсы алайық!
#oqu_agartu_ministrligi
#doshkola_kz
#_balalardy_damytu_instituty
#aqmoedu
#aqmola_metod_center
#bilim_bolimi_ereimentau
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие