Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының«Болашақ»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное  коммунальное  казенное предприятие «Ясли-сад «Болашақ»  города Ерейментау при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области  

instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ғарышкерлер күні" тақырыптық күні.

10.04.2026

«Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыптық күні

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру және отандық ғарышкерлерді үлгі ету.

Бүгін балабақшамызда 12 сәуір — Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш әлеміне саяхат» атты ерекше тақырыптық күн өтті. Тәрбиешілер балаларды адамзаттың ғарышты игеру тарихымен және алғашқы ғарышкерлердің ерлігімен таныстырды. ҰІӘ барысында бүлдіршіндерге Күн жүйесіндегі планеталардың орналасу тәртібі көрнекіліктер арқылы түсіндірілді. Балалар қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың есімдерін мақтанышпен атап өтті. Шығармашылық сәтте тәрбиеленушілер түрлі материалдарды пайдаланып, өз қолдарымен ғарыш кемелері мен жұлдыздардың макетін жасады. «Кім жылдам?» атты спорттық жарыста балалар «ғарышкерлер дайындығынан» өтіп, ептілік пен төзімділік танытты. Ойын түрінде өткен викторинада балалар планеталар туралы жұмбақтар шешіп, білімдерін бекітті. Бұл тақырыптық күн балалардың танымдық белсенділігін арттырып, оларға ұмытылмас қуаныш сыйлады.

Просмотров: 429


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст