Текст
16.04.2026
16 сәуір күні ересек топтар арасында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз" акциясы өтті. Бұл акцияның мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және экологиялық мәдениетін дамыту. Экологиялық тақырыпта әңгімелер, ойындар және сурет салу жұмыстары ұйымдастырылды. Балалар ата-аналармен бірге ағаштар отырғызды. Акция көңілді флешмобпен аяқталды.