28.04.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының Төлеу Шаханов атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі және Ақмола облысыбілім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының "Болашақ "бөбекжайы" МКҚК арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2025–2026 оқу жылында балабақшаның «Еркетай», «Балдәурен» мектепалды топтары Т. Шаханов атындағы №2 жалпы орта мектебіне танымдық саяхат ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – мектепалды топ тәрбиеленушілерін мектеп өміріне бейімдеу, олардың қызығушылығын арттыру және психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Саяхат барысында балалар мектеп ғимаранымен, сынып бөлмелерімен, кітапхана және спорт залымен танысты. Мұғалімдер оқушылардың оқу процесі туралы қысқаша мәлімет беріп, балаларға мектеп өмірі жайлы түсінік қалыптастырды.