6–8 мамыр аралығында «Болашақ» бөбекжайында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған
«Ел тірегі – сарбаздар» және «Бейбіт күн жасасын!» атты тақырыптық күндер ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.
Тақырыптық күндер барысында тәрбиеленушілер әскери-патриоттық әндер айтып, тақпақтар оқып, саптық жаттығулар көрсетті. Балалар «Батырлар ерлігі – ұрпаққа өнеге», «Бейбіт күн жасасын!» тақырыптарында әңгімелер тыңдап, мерекелік көріністерге қатысты.
Сонымен қатар спорттық эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, балалар ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті. «Жас сарбаз» ойыны барысында тәрбиеленушілер түрлі тапсырмаларды орындап, ұйымшылдық пен батылдық танытты.
Мерекелік шара барысында соғыс ардагерлері мен Отан қорғаушыларға құрмет көрсетіліп, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру мақсатында танымдық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара соңында балалар «Бейбітшілік», «Достық», «Отан» тақырыптарында суреттер салып, көтеріңкі көңіл-күймен мерекелік ән орындады.
Осындай тағылымы мол шаралар арқылы тәрбиеленушілердің елге, жерге деген сүйіспеншілігі артып, патриоттық сезімдері нығая түсті.