2013 жылғы 25 маусымдағы №193
Қазақстан Республикасы
экономика және қаржылық бюджет
жоспарлау Министрдің бүйрығына
2 Қосымша
«Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы бойынша
білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының «Болашақ» бөбекжайы МКҚК-нің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі
Жалпы ережелер.
«Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының «Болашақ» бөбекжайы МКҚК, Ерейментау қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 86 а, тел: 21583, 21483,22136.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.
Ерейментау қаласының «Болашақ» бөбекжайы МКҚК 2021 жылы реестр бойынша мемлекеттік қызметтің 2 түрінен қызмет көрсетті. Жалпы 131 қызмет көрсетіліп, оның 3 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 5 мемлекеттік органдар (қағаз түрінде) қызмет көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-123 жеке тұлға. Бас тарту саныны-0.
3) Ең көп сұранысты қажет ететін "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесі бойынша - 128 қызмет көрсетілді,
2. Қызмет алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттарын «Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының «Болашақ» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында ақпараттарға арналған қабырға стендтерінен және бөбекжай сайтынан, ХҚКО-нан және Ерейментау ауданы әкімінің веб-сайтынан алуға болады.
2) «Ақмола облысы білім басқарамасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының «Болашақ» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобалары көпшілік алдында талқыға түспеді.
Халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 1 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау
2021 жылы көрсетілген мемлекеттіік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
«Ақмола облысы білім басқарамасының
Ерейментау ауданы бойынша
білім бөлімінің жанындағы
Ерейментау қаласының
«Болашақ» бөбекжайы МКҚК меңгерушісі А.К.Оразбаева